Соңғы жер сілкінісі: табиғат апатының алдын алу мүмкін бе? Алматы халқы нені ескеруі қажет?

Жер сілкінісі өрт, су тасқыны, алапат дауыл сияқты айтпай келетін апат. Еліміздің өзге облыстарға қарапағанда Алматы, Жамбыл облыстарында жер сілкінісі жиі қайталанады. Еліміздің ірі мегаполисі —  Алматы — сейсмикалық қауіпті аумаққа жатады. Соңғы уақытта Алматы тұрғындары  жер сілкінісін жиі сезіне бастады. 17 ақпан күні 15:08-де жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтардың  мәліметінше, эпицентрі Алматыдан солтүстік – шығысқа қарай 74 шақырым жерде, магнитудасы 5,1.  Алматы қаласында бүгінде  2,5 миллионға жуық тұрғын өмір  сүруде, олардың басым көпшілігі – өзге өңірлерден қоныс аударған адамдар. Қазақстандағы өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке қауіп төнгенде шұғыл көмек шақыратын Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі  112 нөмірі арқылы хабарламалар жіберіп, адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажеттеігін ескертіп отырады.

Алматының тарихына көз жіберсек,  қаланың  жер сілкінісімен байланысты қайғылы оқиғаларды, сейсмикалық қауіпсіздік ережелерін білетін адамдар санаулы.

Сурет:ҚР Орталық кинофотоқұжаттар және дыбыс жазба мұрағатынан алынды.

Айталық, 1887 жылы  Верный, қазіргі Алматы қаласында ең жойқын  жер сілкіністері орын алды. Бастапқы уақытта тек әлсіз дүмпулер сезілгендіктен, халық әдеттегідей бейтарап қарады. Алайда бірнеше минуттан кейін, магнитудасы 9 баллдық жер сілкінісі қайталанды. Бірнеше минут аралығында қаланың жағдайы түбегейлі өзгеріп, орны толмас өкінішке әкелген. Алматы қаласы жермен жексен болғаны туралы мәліметпен таныстым. Зілзаланың  салдарынан, қаншама үйлер мен ғимараттар қираған, адам шығыны да көп болған. қаншама отбасы баспанасыз қалған екен.  Осы қайғылы оқиға  адамзатқа үлкен сабақ болды. «Әр сәтсіздік – өсудің алғышарт, әр қателік – болашақтың қадамы» демекші  сол сәттен бастап үйлерді сейсмикалық талаптарға сай, сапалы әрі қауіпсіз етіп тұрғызу үшін дамыған елдердің тәжірибесінен үйрене отырып, тұрғын үйлер мен ғимарат тұрғызуда жаңа технологиялар жетістігін пайдалана бастады.

ХХI ғасырда да бұл талаптар өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әсіресе көпқабатты тұратын тұрғындары үшін, дабыл чемоданы  дайындау, қауіпсіздік ережелерін білу міндеттеледі.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісін ең алдымен жан-жануарлар бірнеше сағат бұрын сезуі мүмкін. Алайда сейсмология саласында әлі күнге дейін жер сілкінісін алдын ала дәл болжаудың нақты жолы табылған жоқ. Тіпті технологиясы ең дамыған елдердің бірі — саналатын Жапонияның өзі бұл жағдайда шешім таба алмай отыр. Соған қарамастан, Қазақстанда сейсмология ғылымы жақсы дамып келеді. Елдің әрбір өңірінде арнайы сейсмикалық станциялар орнатылған, заманауи құрал-жабдықтар және алуан түрлі жануарларды бағады.

Сондықтан біз табиғат құбылыстырға немқұрайлы қарамай, дайындықпен қарсы тұруымыз керек. Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін болмаса да, оның салдарын азайту — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау және ақпараттану адам өмірін сақтаудың ең тиімді жолы.

                                                                        МАМАНОВА    Мадина,

                                                                 Алматы қаласы Білім басқармасының

                                                    172 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы

Дереккөздері: https://t.me/qr_tjm;

https://informburo.kz/kaz/kogam/tarixty-eske-alamyz-1887-zyly-almatyny-zermen-zeksen-etken-zilzala

Сурет: https://inbusiness.kz/