Жас тілшілер форумы- жаңа мүмкіндіктер

Жас тілшілер форумы әр жыл сайын Алматы қаласындағы Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеттің журналистика факультетінде және «Ұлан» газетінің редакциясында өтеді. Жас тілшілер форумына қатысуым бірінші рет еді және маған өте қатты ұнады. 10 сыныпқа қайта оралсам, жас тілшілер форумына міндетті түрде қатысар едім. Ең алдымен бұл форум маған өзімнің арманымдағы университетті көруге мүмкіндік берді және жаңа достар, жаңа таныстар бір сөзбен айтқанда жоғарыға көтерілуіңе қолдау білдіретін жандарды кездестірдім.
Журналистика саласында жаңа зат білуіме себепші болған ҚазҰУ-дың ұстаздары, тележурналист Анна Данченко, журналист Жазира Оразқызы, тәуелсіз журналист Асылхан Мамашұлы, актер, режиссер Азамат Шарғын. Бұл адамдарды өмірде өз көзіммен көргеніме, сөйлескеніме қатты қуаныштымын. Жас тілшілер форумы-жаңа мүмкіндіктер, жаңа достар және ең бастысы өзіңнің армандаған мамандығыңда, жұмыс жасайтын және оқитын аға-апаларды көру. Мен олардан болашақ мамандығым туралы көп мәлемет біле алдым.
Форумда маған қатты ұнаған сәт-Асылхан Мамашұлымен ашық сұхбаттан кейін түскі ас кезінде, «Ұлан» газетін мектеп кезінен бастап оқитын, ал қазір тарих пәнінің мұғалімі, гитарамен бізге ән шырқап, көңіл-күйімізді көтерді. Мен бұл байқауда орын ала алмадым. Бірақ орын алғандар үшін қолдадым. Менің бұл форумнан түсінгенім маған әрі қарай дамып, өсу керек екенін. Форум кезінде келген қонақтарды қызыға тыңдап, суретке түстім. Мен бұл форумға Ақтөбе қаласынан бардым және ең қызығы форумда болған болашақ журналисттердің көбісі басқа қаладан келген. Бірі Тараз болса, бірі Ақтау, Шымкент, Өскеменнен келген.
Өз басым Алматы қаласында өткен форумға келгеніме мүлде өкінбеймін. Керісінше жас тілшілер форумына қатысқаныма қуаныштымын. Ең алдымен ҚазҰУ-дың журналистика факультетті мен «Ұлан» редакциясына алғысымды айтқым келеді. Осындай іс-шараны жасауды тоқтатпай,танымал адамдармен кездесулер ұйымдастырып, жас журналисттер үшін алғашқы қадамдарын жасауға көмектесіп, қолдайтындары үшін. Жас тілшілер форумы болашақ журналисттер үшін таптырмас мүмкіндік.
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы,
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы





