Қабырға қалай өнерге айналады?

«Қалауын тапса, қар жанар» деген даналық сөз көпқабатты үйлердің қабырғасына салынған өміршең муралға да қатысты айтылған ба деп қаламын. Суреттер сөйлеп, өткен тарихымыз бен бүгінгі кезеңді байланыстырып тұр.
Мен Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Бұл қалада тұрып жатқаныма 17 жыл болды. Өсе келе менің байқағаным, көшелер көзге өте қызығарлық көрінеді. Көшелер әдемі және әсерлі көріну үшін муралар көмек береді. Мурал дегеніміз ғимараттардың қабырғаларына, биік үйлердің маңдайшасына салынатын ауқымды, мағыналы сурет өнері. Ақтөбе қаласында муралар өте көп десемде, қателеспеймін.Мысалы, 2022 жылы Мұхтар Әуезовтың туылғанына 125 жыл толып, «Мәңгілік ел» көшесіндегі бір ғимараттың қабырғасында жазушының суреті салынды. Ал «Бөкенбай батыр» көшесіндегі үйлердің бірінде танымал әнші және композитор Димаш Құдайбергеннің 18 метрлік суреті пайда болды. 2023 жылы «Мәңгілік ел», — 16 үйінің қабырғасында,өте ерекше мурал пайда болды. Бұл муралда қолында домбырасы бар ғарышкер бейнеленген. Көп қабатты үйлердің қабырғасына салынған әр муралдың өз ерекшелігі, тарихы бар. Бұл жөнінде суретшілер:
«Бұл Қазақстанның ғарышкерлерді ұшырып, ғарышты зерттейтін санаулы елдердің бірі екенін білдіретін символ. Ең кереметі – ғарыштық экспедицияларға Ақтөбе тұрғындарының да қатысуы», — суретшілер ғарышкер туралы суреттің мағынасына тоқталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы сәт есте қалу үшін «Батыс-2», 201 үйдің қабырғасында қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай қыздың муралы салынды.
Айта беретін болсақ, Ақтөбе қаласында муралдар өте көп және әр муралдың өзінің шығу тегі әртүрлі. Бұл муралдар жай қызық үшін салынған суреттер емес. Әр мурал – біздің тарихымыз. Айтқым келгені, біздің тарихымызды сөйлемей баяндайтын және елімізде болған ең маңызды сәттерді бейнелейтін суреттер, жай тұрған ғимараттардың қабырғаларына сән бере отыра жастарымыздыңғ көпшіліктің жадына тарихымыздың әр белесін салуымен бағалы. Өте әсерлі және ерекшелігімен көзге түседі. Бұл муралдармен ғимараттың қызықсыз қабырғасына сән кіріп көз тоймай, қарай бергің келетін өнерге айналды.
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы,
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Әйгерім Есімхан,
«Алатау» телеарнасының тілшісі





