«Менің атым –Қожа», Қожа бүгін кемел жаста

Бір тентек қылығым мені киноға әкелді

 —Мені танитын жастар бар екен, қазірде. Танымалдылық деп осыны айт. Киноға түскенде 12 жаста болатынмын. Бұл жаста көптеген ұлдардың тентектігі көріне бастайды. Сабақтан шыққан соң, үйге қайтар жолда қыздардың  шашын тартып, олар артына бұрылғанда кері қашып келе жатыр едім, жолдағы бір ағай «Әй, бала бері келші!»- деді. Мен қорқып қашып кеттім. Менен есе қайтарғысы келген қыздар ағайға мен туралы мәлімет беріп үлгеріпті. Ертеңіне сол ағай мектепке келіп, мені кинобайқауға шақырды. Қазіргі заманауи тілмен айтсақ «кастинг». Сөйтіп, киноға түстім. Мұғалімнің сөмкесіне бақа да салдым.

Мұны әңгімелеп отырған Қожаның рөліндегі Санжар Нұрлан. Кинодағы және балалық шақтағы естелігімен бөлісіп, 70 жылдық мерейтойына келген қонақтарды бір күлдіріп алды. Өзін Қожа рөліне таңдаған кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев болатын.

Биылғы желтоқсанның 9 — күні әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философ атындағы кітапхананың Тұңғыш Президент залында өткен  Н.Санжарлың «Нежданный гость – Джучи», «Бату хан» кітаптарының тұсау кесері өтті.   Қос кітаптың тұсаукесеріне  келген қонақтардан  Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, актер Нұржыман аға Ықтымбаев пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, актер Айдос Бектемір шақырылды.

Автор шығарманың жазылу себептерін айтып өтті. Тарихи тұлғалар туралы жазып, шығу үшін ұзақ жылдар ізденген. Бала актер кейіннен киноға түсуге талпынбапты. Есейген соң  Шәкен Аймановтың «Земля отцов»,  Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары» фильмдеріне түскен. Алайда, оны ғылым жолы өзіне тартып алып кеткен. Филология факультетінің 3 – курсында оқып жүргенде жазған ғылыми жұмысы Республикада І – орынға лайық бағаланған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сценарист, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар шығармашылықпен қатар, жастарды кино өнеріне баулып, үйретуде.

Қожа – Нұрланның мерейтойын арнайы атап өтуді ұйымдастырған Университеттің журналистика факультеті болғандықтан, шараны декан Мәдиев Сансызбай Шарапиұлы жүргізді.

Өнер адамдары мен кинорежиссерлер, ғалымдар шоғырланған ортада қазақ киносы, қазақ киносының бірегей туындысы «Менің атым Қожа», одан кейінгі фильмдер, кино майталмандары жайлы пікірлер айтылды.

 

                                                                            Ж.КУЧУКОВА