Журналист болғың келеме?

Мамандықтардың бәрі жақсы. Алайда, солардың ішінде, журналистика маған  ерекше әсер сыйлайды. Менімше, журналист болу әділдік пен шындықты ту етіп, шындықты, саяси мәселелердің халыққа шынайы жеткізіп, көтерген мәселеден қорытынды шығаруға күш-жігерін жұмсайтын тұлға. Қиындықпен  бетпе-бет келіп, тура сөйлейтін жанды ғана көпшілік «Нағыз журналист» деп бағалайды.

Адам баласының жаратылысының сыры неде? Армандар, қиялдар, біз өмір сүретін орта. Бізді қоршаған ішкі және сырқы әлем, болмысы бейтаныс тұлғалар. Жер басып жүруімнің сыры неде? Өткені мен болашағымды қалай жалғасам? Менің бала күнгі-түнгі ұйқыға кетерде көз алдыма келетін тым ересек армандарымның мән-мағнасының салмағы қаншалықты ауыр? Мүмкіндігімнің жетер жері қайда? Биікке көтерілу үшін адам аянбай тер төгуі қажет. Сананы жаулаған сан сауалдың жауабын қайдан тапсам екен. Балалық шақ-тәтті армандар мен қиялдар жетегіне еретін сәтпе әлде, шынайы сезімдер  туатын, болашаққа бағдар беретін бағдар шамба? Мүмкін, себебі пәк те әрі таза жүректің қалауы бақытты өмірге жетелейді емеспе? Тағдырың жасыл түсті көрсетсе, бұл қиялдың аялдамасы бақыт пен жетістік, қуанышпен баянды ғұмыр. Менің бағдар шамым қандай түсті көрсетуде екен? Жүрегіме симай тулаған сол сезім, көзалдыма толассыз келетін, ешбір шалдығып шаршаусыз елестететін сәттеріммен, махаббатқа толы армандарым орындала ма екен? Ия, менің бала кезімнен бері, көкейімде қаншама жылдарды, теңіздермен толқынңа ұқсас ойларды артқа қалдырып келе жатқан, біреуге тым тұрпайы, біреуге менің қолым жетпейтін шырқау шың, біреуге еңбекпен ұзақ жылды талап ететін арманым бар.

Әлі есімде теледидардан Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген «Әйел бақытты» атты бағдарламаны көргенде армандайтынмын, менде осылай эфир жүргізетін боламын деп. Шыныменде халықтың игілігі үшін тер төгіп, қарақылды қақжарып сөйлейтін Бейсен ағамыздай талантты дара шапқан, журналист болып  тұлғаларымыз аз емес. Гүлмира Әбіқай сынды өткір журналисттерімізден үлгі алу да жас мамандарға қажет дүние деп ойлаймын.

Қазіргі инстаграм, ютуб сынды желілердің дамып тұрған шағында теледидар мен газет оқитын халық азайып, таралымы төмен дегенде пікірлер талайды алаңдатты. Мен бұл пікірді басқа қырынан қарап, мәселеге басқаша үңілдім. Рухани азық саналатын газеттіде оқитын, жаңалықты да қарайтын, хабарды да көретін көрермен бар. Бірақ рейтинг көрсеткіші құбылмалы. Себебі кезіндегідей сағат алты да ел жұрттың бәрін көгілдір жәшік алдына жинайтын «Айтуға оңай» сынды бағдарламалар ұлттық арналарымызда барма? Өтірік оқиғамен жалған сценарийге, одан қалса былыққа толы бағдарламалар халықтың интригасын тудырғанмен, рухани байлық бере алама?

Осы тұрңыдан алғанда, журналистика үшін маңдай терін төгіп, бұқаралық ақпараттар аясында аянбай еқбек етіп жүрген тілшілеріміздің еңбегін неге халық көрмейді? Қолыңа қалам алу арқылы тұтас бір ұлттың тарихын бейнелеп жатуыңда мүмкін. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт-насихат жүргізу саласындағы қызметі жөніндегі А.Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз құлақ қаншалықты керек болса, қасындағы құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды» деуі, газеттің әлеуметтік-қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Қорыта келе,

Журналист болу қанатты құстай қалықтау,

Қалықтап тұрып, еліңнің қамын ұмытпау.

Жан жақты болу, білімге бәлкім тым құмар,

Журналист болу өнеге  жұртқа ұлықтау.

– деген өлең жолдарымен тоқсан ауыз сөздің тобығын түйіндегім келеді. Сайын даламызда сөз өнерін ерекше дәріптеп бүгінгі ұрпаққа дейін мұра қылып қалдырған. Ол мұраны тоздырмай, қадірін кетірмей ардақтап ұстайтын тілшілеріміз көбейсе екен. Ал журналист болғың келеме деген сұраққа жауап әр нағыз тіл майталманының жүрегінің түкпірінде жатыр…

 

Айдана  НҰРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Еңбек» орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

 «Жас тілшілер» тобының жетекшісі:

                         Кеклова Алма Мукамгалиевна