Баланың тірегі, қорғаушысы – ата-ана
Әйтседе, әлеуемттік желі дамыған заманда балалар буллингке ұшырауда. Оның алдын алу үшін нендей шара бар? Баланы кез келген қауіптен қорғауға көпшілік қалай атсалысуда? Ата – анамен қандай жұмыстар жүргізілуде?
Аталған сұрақтар төңірегінде Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығының төрайымы ЖАКИПОВА Ақбаян Төлбасықызыменой бөліскен едік. Әңгімелесе отыра, балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау маңызды екенін айтты. Мұндай күрделі, балалар өміріне бүгін ғана емес, келешекте де қауіп төндіретін мәселеге ата – ана бей – жай қарамауы керек. Десекте, болашақтың тамырына балта шабылғалы тұрған мәселемемлекеттік тұрғыда заңмен қарастырылып, тыйым салынуы қажет.
Бала құқығын қорғайтын ең алдымен ата — ана
Ақбаян Төлбасықызы:
—Мәжілісте мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы қоғамда кең талқыға түсіп жатыр.
Баланың құқықтарын қорғау мәселелері туралы заң не жайында?
Бұл құжат Қазақстанда баланың құқықтарын қорғау үшін тиісті құқықтық негіз құру мақсатында әзірленді. Заң жобасында балаларға қатысты кез келген зорлық — зомбылық көріністерінен, оның ішінде оларды отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау тетіктерін іске асыруға бағдарланған нормалар көзделген.
Кибербуллингтен балаларды қорғау заңы елімізге қажет. Соған байланысты бір жыл бойы Түркістан облысының аумағында «Ел ертеңі — жас ұрпақ» атты үлкен жоба өткіздік. Осы жобаның мақсаты – балаларға буллинг пен кубербуллингтен сақтануды үйрету. Аудандарда көшбасшы балалар, ата — аналар, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер, білім мекемелерінің басшылары жәнеювеналды полиция тобының мүшелерін оқытқан кезде буллинг пен кибербуллингті қалыпты жағдай деп есептейтінін байқадық.
Яғни, оны біздің азаматтарымыз қоғамның дерті ретінде толық сезінбейді. Көбінесе ата — аналар балалары «Whats’App – та», «Вконтакте», «ТикТокта» қандай буллингке ұшырайтынын біле бермейді. Олардың басқа адамдардан түрлі теріс ақпарат алып, моральды, психологиялық түрде зорлық — зомбылыққа ұшырап жатқанынан ата — аналары бейхабар. Балалар, тек әлеуметтік желілер арқылы ғана емес, күнделікті сыныптастарынан да, өздерінен жасы үлкен балалардан да жәбір көретінінің куәсіміз. Сол себепті, ата – аналармен жұмысты ұлғайтуымыз қажет.
Бала тәрбиесінде ешқандай сылтау болмауы керек
Түркістан облысы еліміз бойынша адамдар ең тығыз орналасқан, жер көлемі жағынан да үлкен аймақтың бірі. Елді мекендерде тұратын облыс халқының 80 пайыздан астамы көпбалалы отбасылар. Шаруа адамдары да, басқа салада еңбек ететін ата — аналар да жұмыста, үй шаруасында немесе малмен, бау – бақшамен айналысып қолдары босамайды. Қазір ата – ана баласы үйде отырса болды, алаңдамаймыз деп, ұл – қызының телефонындағы дүниелерді тексермейді.
Екіншіден, балалардыңқұқығыната-аналары да білмейді. Ендібұлмәселегемемлекетдеңгейіндеараласпаса, оліндеткеайналып барады. Жасөспірімдер арасында бұзақылық, әлімжеттік жасау деректерін айтпағанда, облыс жасөспірімдері арасындағы суицид(өз – өзіне қол жұмсау) бойынша алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар «жыныстық кибербуллинг» деген ұғым да бар. Тіпті мұнымен айналысатын арнайы диструктивті топтар да бар. Бала өз бетінше онымен күресе алмайды. Мысалы, бұл мәселені бала ата — анасына айтып, үлкендер заң жүзінде баласына көрсетіліп жатқан мәселеге шағымданып, әлеуметтік желідегі кибербуллингке қарсы тұра алғаны маңызды. Себебі заңмен реттелмеген мәселе кең жайылып, теріс құбылысқа айналып кетуі мүмкін. Көбінесе ата — аналар балаларының қиналып жүргенін білмейді. Таза киініп, уақтылы ас ішсе болдыға санаған ата – ана бір жағынан психолог та болуы керек.
Ел аумағындағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қызметін заңнамалық регламенттеуді көздейді.Біз елімізде өз қызметін жүзеге асыратын кез келген басқа кәсіпкерлік субъектілері сияқты шетелдік компаниялардың ҚР заңдарын сақтауын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.«Meta», «Telegram»және сол сияқты басқа да сандық алыптар біздің аумақта тұрақты қоныс теуіп отырмағандықтан, біз олардан біздің заңдарымызды сақтауды талап ете алмаймыз.
Заңды өкілді тағайындау осы жағдайды түзетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетелдік әлеуметтік желілер заңды өкілді анықтау және тағайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл түзетулер қарапайым пайдаланушыларға ешқандай әсер етпейді, өйткені заңсыз материалдарды тарату үшін жауапкершілік осы заңнамада қарастырылған, бұл түзетулер ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.Белгілі болғандай, қудалау жабық топтар мен қауымдастықтарда орын алады, олардың әкімшілері ешқандай жауапкершілікті өзіне алмайды, олар сондай — ақ өз парақшалары арқылы қорлауды жалғастыруға ықпал етуі мүмкін. Сондықтан олармен байланыс орнатуға тырысу көбінесе нәтиже бермейді. 24 сағат ішінде әлеуметтік желілердегі мазмұнды жоюды/бұғаттауды талап ететін заңдар бірқатар дамыған елде қабылданды. Мысалы, Германияда 2017 жылдан бастап «әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қолданылады.
Бүгінгі күні еліміздің аумағында кибербуллинг фактілерін айқындау және тіркеу тетігі заңнамалық тұрғыдан әлі реттелмегендіктен, тікелей статистика жоқ. Алайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды бақылау шеңберінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде интернет желісінің өнімдеріне мониторинг жүргізеді. Әкімшіліктерінің заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы уәкілетті органның ұсынымдары бойынша шамамен 222 мыңнан аса құқыққа қарсы материалдарды жою бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар 2021 жылы «Байланыс туралы» заңда көзделген тәртіппен уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылар үшін 10 мыңнан астам материалдарға қол жеткізуді шектеді.
Ұсынылып отырған жаңалықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің еркін қызметіне кедергі келтіретін және пікір білдіру бостандығын шектейтінқұзырет бермейтінін атап өтті.Кибербуллинг — бұл цифрлық технологиялар көмегімен қорқыту. Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу бағдарламаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін. Бұл қайталанатын эпизодтардың мақсаты — аңдып жүргендерді қорқыту немесе қорлау. 13-15 жас аралығындағы 150 миллионға жуық бала, яғни әлемдегі оқушылардың жартысы өзін және құрдастарының зорлық — зомбылығына тап болғаны жөнінде ақпарат бар. Әрбір оныншы бала мұндай қорлықты күнделікті немесе апта сайын бастан кешіреді.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Соған қарамастан, баланы ренжітуге, негізсіз айыптауға, немесе жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.Желідегі зорлық-зомбылықтың мақсаты – адамды ашуландыру, ренжіту немесе ұятқа қалдыру. Мысалы, «Facebook» немесе «YouTube» желілерінде жалған және зиянды ақпаратты, SMS хабарламалар,қоңыраулар арқылы қауіп төндіру арқылы қорлау, жүйкесіне кері әсер ететін ақпараттар жіберу.Мұндай адамдарды «тролльдер», «бұзақылар» немесе «мобберлер» деп атайды. Олар көбінесе жәбірленуші агрессивті әркекеттердің кімнен шыққанын білмеуі үшін жасырын әрекет етеді.
Баланың сенімді серігі – тек ата -анасы
Түркістан облыстық ата – аналар қауымдастығы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Өзім үкіметтік емес ұйымды 2009 жылы ашқан едім, кейін заман талабына сай қауымдастық құрдық. Айналамызда, кейбір отбасындағы жайттар, балалар арасында әділетсіздік, ата- аналардың ортақ мәселесіне көңіл бөлу қажеттілігінен туындаған қауымдастық. Өзім де көп балалы анамын, сол себепті маған балалар мәселесі жақсы таныс. Бүгінгі ата – аналардың көпшілігі баласына жақын емес. Яғни, балаларымен жасына қарай әртүрлі тақырыпта сөйлесуге, реті келсе отбасылық саяхаттар жасауға мән бермейді. Нәпақа тауып беріп жатырмыз дейді. Заманымызда технологиялар түрлері дамыған сайын, оның жаңалықтарына көз ілеспей келеді. Бала жаны он бес жасқа дейін кез келген нәрсе иілгіш болады. Тәрбие туралы айтқанымызда, баланы бұйырып емес, өзіңмен бірге ала жүріп, тәрбиені көрсеткеннің тиімділігі зор. Бізде «бәленшенің баласы» деген теңеу көп айтылады.Алайда, сондай жандар өзінің туған баласына мақтау айтып қолдау, жақсы сөзбен көтермелеуге мән бермейді.
Қауымдастық жұмысы ата – аналар үшін өнегелібейнебаяндар, басқосулар өткізіп, тәжірибе алмасу, бәсекелестік ортақалыптастыруға бағытталған. Атқарылып жатқан іс – шарамыздың барлығы да – ертең ел тізгінін ұстайтын, кең байтақ еліміздің әлеуетін арттыратын ұрпақты бірлесіп тәрбиелеу. Жоғарыда атап өткен әлеуметтік желілер зорлық – зомбылығынан сақтау. Телефонда «Ата – аналар бақылауы — Родительский контроль» жүйесі бар. Соны әр ата – ана қосып, баласының телефонда отырған уақытын қадағалай алатынын еске салғым келеді. Кез келген баланың қолындағы телефон екі сағат жұмыс істеген соң, өшеді.
Десекте, облыс ата – аналарына шынайы алғыс айтқым келеді. Бала үшін ортақ істе әрдайым ұйымшылдық танытып, көптеген мәселеден сырт қалмайды. Қауымдастықтың жұмысы үндіксіз жүргізіле береді деп сенемін.
Сұхбатты жазып алған:
Ж.КУЧУКОВА,
Республикалық бас редакторлар
клубының мүшесі