Home›Білім›Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын қызықты әдістер
Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын қызықты әдістер
16.02.2023, 12:50
«Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту».
«Қазақстан республикасының Білім туралы Заңы.
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері».
Білім беру ұясында бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытуда ҚР білім туралы заңынан туындап отыр. Оқушылардың мектептен – ақ туған тілімізбен қатар шет тілін меңгерту — бүгінгі күннің талабы. бастауыштың бүлдіршіндеріне Ана тілінің тазалығын барынша сақтап, құрметтеуге үйрету – ең алдымен педагогтің міндеті. Олай дейтінім, өз ана тіліне жанашыр өрен – Отанымыздың нағыз патриоты болатыны анық. Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!» — деген өлең жолдары әр оқушының санасына жадында сақталуы тиіс.
Жаңа заманның жастары елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде білімділігі, біліктігі жөнінен алда келе жатқанының куәсіміз. Жаңа заманның жаңа технологиялары көзді ашып — жұмғанша жаңарып, барлық сала цифрлық форматқа көшіп келеді. Цифрландыру әлемдік трендке айналды. Әлемнің дамыған елдері цифрлық саясатты қолға алып, экономикасының дамуын қарқынды дамытуда. Соның негізінде инновация мен технологияларды меңгеретін жаңа мамандықтар түрлері өмірге келуде. Арнайы зерттеулерге сүйенсек, 2030 жылға дейін 183 жаңа мамандық келіп қосылады екен. Бұл мамандықтардың барлығы дерлік білімді жастарға арналған. Бүгінде, еліміздің көптеген салалары цифрлық басқару тетігін пайдаланады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылы бекітілген болатын. бағдарламаның дамуының негізгі баспалдағы – мектеп. Ұстаздар оқушыларға бастауыш сыныптан бастап, ең қолданылатын – ағылшын тілін сауатты оқып – білуіне оқу бағдарламасы аясында бар күш – жігерін арнап келеді.Заман ілгерілеген сайын жаңа мамандықтардың өндіріс пайда болатыны ақиқат. Әлемдік деңгейде, басқа елдің жастарымен біздің жастарымыздың болашақта терезесі тең, бір сапта қатар жүруі — маңызды.
Мен сабақ беретін бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету үшін баланың жас еркшелігіне байланысты ойын сабақтары зердесіне тез қонады. Бастауыш сынып педагогикасында ойындардың бірнеше топтары бар. Атап айтқанда:
а) оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) өнімді, шығармашылық;
в) коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық ойындар.
Бастауыш сыныптарында өткізілген ойындарға тоқтала кетейін. 2 — сынып. 3 бөлім. «Unit 3. My school.» «Менің мектебім — Моя школа». Тақырыбы: Counting and measuring. Around school. School days. Счет и измерение. Вокруг школы. Школьные дни. Санау мен өлшеу. Мектеп маңайында. Мектептегі күндер. Осы тақырыпшалар бойынша оқушыларға алдымен мектеп туралы түсінік беремін. Оқушы үйден шыққан соң, мектепке ата — анасымен келеді. Мектепке дейін оның маңайына шолу жасаймыз. Не көрдік? Адамдар, балалар, көліктер, ғимараттар, дүкен, дәріхана. Асфальт жол. Жолдан өту. Бағдаршам. Жасыл желек. Табиғат. Жаяу жүргінші жолы. Көше тазалығын сақтау. Қоқысты лақтырмау.
Менің мектебім. Мектепке келе жатқанда оқушылардың бір – бірімен,ұстаздармен амандасуы. Мектепке асықпай кіріп, сыныбыма келу. Сандарды санау – сыныпта қанша оқушы бар? Бүгін сабаққа қанша оқушы қатысып отыр? Өлшеу – сызғышпен математикалық өлшемдермен жұмыс істеуді үйрету.
5 бөлім. Unit 5. Health and body . Здоровье и тело.
Тақырыбы: «Our body. Let’s measure. Наше тело. Давайте измерим». Денсаулық пен адамның дене бітімі. Адам денсаулығына бала кезден күтім жасау керек. Балаларға денсаулығымыз мықты болу қалай күтіну қажет? деген сұрақтарға жауап береміз. Тазалық сақтау, ұолымызды жиі сабындап жууы, экологиялық таза тағамдарды пайдалану. Бойымыз да, ойымыз да өсу үшін жаттығулар жсап, өзімізге қажет емес ақпараттан алыс жүру керектігі айтылады. Мезгілімен ұйықтау, ерте тұру, уақытылы тамақтану – баланың бойын өсіретінін айта келе, оқушыларды тазалыққа басты назар аударуды ұмытпауды ескертемін.
6 бөлім. Unit 6. Traditions and customs.Традиции и обычаи. Тақырыбы: «Special days. Home cooking. Особые дни. Домашняя еда».
Дәстүрлер мен салттар. Тақырыбы: Арнайы күндер. Үйде ас дайындау.
Оқушыларға ұлттық салт – дәстүрлерімізді айта отырып, ағылшын тілі сабағы болғандықтан, екі мемлекеттегі дәстұр ұқсастықтарымен бөлісу. Шәкірттеріме дәстүрлеріміздің жадын сақталуы үшін ойын сабақтарын жиі өткіземін. Отбасылық мерекелерді атап өту. Атап айтқанда, туған күнді әр оқушы үйінде қалай атап өтетініне тоқталамыз. Балалар жеке – жеке қазақ тілінде әңгімелейді. Әңгіме барысында қазақ тілінде айтылған сөздің ағылшын тіліндегі нұсқасын айтып үйренеміз. Сыныптағы қыздар мен ұлдарға сұрақ қойып, аналарына ас дайындауға қалай көмектесетінін сұраймын. Әр оқушы қысқаша айтып өтеді. Айтылған сөздердің ағылшынша нұсқасын қайталаймыз.
Бастауыштан барлық сыныптардың дәрістерінде ойын сабақтарын өткізу оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады. Арнайы бағдарламада ағылшын тілін үйренудің бастапқы кезеңінде оқу ойындарының тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), рөлдік және динамикалық түрлерін араластыра пайдаланған жөн. Тілдік ойындар дыбыстау дағдысын, лексикалық және грамматикалық дағдыларды қалыптастыруға, тілдік құбылыстарды пайдалануға жаттықтыруға бағытталған. Ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандық кемінде 3-4 тіл білуі қажеттілігі туындауда. Сондықтан, ұстаз ғана емес, отбасында ата – ана да баласының мектепте алған білімін қадағалап, бірге дайындалуы қажет. Сабақтың пысықталуы сәті үй тапсырмасын орындауға байланыысты. Туған тіліміз қазақ тілін қадірлеп, оған терең бойлаған әрбір оқушы болашақта – мемлекеттік тілді құрметтеп, жаһандық экономикаға кірігу тілі – ағылшын тілін жетік меңгеруіне пән ұстаздарының қосар үлесі өлшеусіз дер едім.