Қаза тапқан мұғалім ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды
Александр Руденко. Фото: t.me/aqorda_resm
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. «Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», — делінген хабарламада. Ақорданың баспасөз қызметі
Александр Руденконың 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқанын атап өткен.