AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ БИОТЫҢАЙТҚЫШ ӘЗІРЛЕУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ұлттық ғылыми зертханасында дарынды оқушыларға ерекше мүмкіндік қарастырылған. Мұнда оқушылар зерттеу жұмысымен айналыса алады.

Солардың қатарында болашақ ғалым Нина Журавлёва. ЖОО-ның аймақ мектептерімен тығыз ынтымақтастығының арқасында Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің үшінші сынып оқушысы картоп өсіру кезінде қажет биотыңайтқышты дайындаумен айналысады. Негізгі мақсаты – өсімдікті өсіруде пестицидтерді аз қолданау.

—Менің ғылыми жобам Спирулина платенсистің көк-жасыл балдырын биотыңайтқыш ретінде қолдану туралы. Мен спирулинаны тоғыз макроэлементтер тұзын және он микроэлементтер тұзын қолдана отырып үйде өзім өсіремін, – дейді Нина Журавлёва.

ШҚУ-дың ғылыми қызметкері Валентина Николаеваның жетекшілігімен зерттеу барысында фенологиялық бақылаулар негізінде өсімдіктердің оң әсері байқалды. Нақты айтқанда, Спирулина платенсис балдырын картопты, оның тамырын суаруда тыңайтқыш ретінде қолдануда жақсы нәтиже берген. Эксперимент нәтижесінде зерттелген үлгілер басқасынан жоғары сапалы өніммен ерекшеленді.

                                                Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары

             білім министрлігінің сайтынан:GOV.KZ