«Ақырын жүріп, анық бас»

          Уақытты үнемдеп, жаңашылдыққа ұмтыл. Өзіңді мүмкіндігіңше дамытуға тырыс.     

Адамның өз — өзін дамытуы – үздіксіз процесс. Адам өзін дамытуы үшін үнемі ізденісте болуы қажет. Жаңаға ұмтылып, оны өзінің жеке іс — әрекетінде игергені абзал. Қабілетіңді шыңда. Адамда өзін дамытудан асқан үлкен жұмыс жоқ. Адам өзін жан – жақты дамытуына уақыт және табандылық, сабырлылық қажет.  Қазір өзін дамытып жатқандар ғана уақытты ұтады. Сіз өзіңізді дамытуды қалайсыз, бірақ ол үшін не істеу керектігін білмейсіз бе ? Мен сізге көмектесемін:

                                                                    Ерте тұр

Ерте тұру – жоспарға деген бір қадам. Таңғы уақыт сіздің дамуыңызға өте жақсы көмек береді. Ми сол уақытта жақсы жұмыс жасайды және ешкім дамуыңызға кедергі келтірмейді. Таңғы уақытта береке бар. Сіз ерте тұрып бастаған іс бастаған күні уақыттың көп екенін аңғара бастайсыз. Қазір көпшілік кеш жатып, кеш тұруға дағдыланған. Ерте тұруға қиналады. Ертерек ұйықтасаңыз, ертерек тұрасыз. Адам баласына қалыпты, сапалы ұйқы 7-8 сағат. Сапалы ұйқы – энергия қуаты.  Сағат 22:00 – 22:30 де ұйықтап, 06:00 – 06:30 – да тұру сапалы ұйқы. Ерте ұйықтасаңыз, бас ауру және шаршағандық болмайды. Күндіз сергек жүресіз. Сіз ерте тұрсаңыз:

  1. Денсаулық жақсы болады.
  2. Бос уақыт ( кітап оқы, жаттығу жаса, медитация).
  3. Есте сақтау қабілет жақсарады.
  4. күш – қуатыңыз артады.
  5. Аурудың алдын аласыз.

Сондықтан неге ерте жатып, ерте тұрмасқа!? Таңғы уақытта ояну, ризыққа кенелу.

                                                                 Кітап оқы

Кітап – білімнің бұлағы. Көз жетпейтін жерге, ой жетеді. Сол ойды жетілдіретін, сөзге шынықтыратын ол – кітап. Қазіргі қоғамда күнделікті кітап оқитындар саны шектеулі. Сол себепті кітап оқуды қолға алу қажет. Аз — аздан үздіксіз және тұрақты түрде дамудың бір жолы күнделікті кітап оқу. Кітап оқуға ең қолайлы уақыт ол – таңертеңгілік. Таңертең кем дегенде 10 – 15 бет кітап оқы.

Қазірден кітап оқып бастасаң:

  1. 1. Сөздік қор мол болады.
  2. Ойлауды дамытады.
  3. Көкжиегің кеңейіп,есте сақтау қабілетің жақсы болады.
  4. Өзіңе деген сенімділік артады.
  5. Дикцияны жақсарады.

Кітап оқуды әдетке айналдырғың келсе 1 күнде 2-3 бет кітап оқы, шамаң жетсе 20-30 бет үзбей, тұрақты түрде оқы. Әдет 21-күнде қалыптасады. Кітаптың кез – келген жанрын оқы жан — жақты бол. Әдеби, діни, қаржылық сауаттылық барлығын оқы. Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов  «Адамзат мәдениетінің алғы шарттары – дұрыс оқу, дұрыс сөйлеу, дұрыс ойлай алу мұндай тәжірибеге тек кітап оқитын адам ғана жетеді” —  деген.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

                 Абай Құнанбайұлы

                                                                    Подкаст тыңда

Подкаст – білімді арттыратын және рухани дамытатын аудито форматтағы бейне жазба.  Күнделікті үздіксіз дамуды қаласаң әр күні 1 сағат подкаст тыңда. Ең болмаса 20 — 30 минут аудиокітап, подкаст үзбей тұрақты түрде тыңда.

ТОП – 3 Пайдалы подкаст:

Kitapal – жан — жақты дамығысы келетін жандарға керемет шабыт береді. Кітап оқуға деген қызығушылығың артады.

Oy Detox – психология, бизнес, білім, әлеуметтік мәселелер туралы жан – жақты подкаст.

Orta – түрлі тұлғалардың діни тұрғыда және бизнес саласындағы әңгімелері.

                                                          Жаңа дағдыларды үйрен

Шет тілдерін үйрену,музыкалық аспаптарда ойнау. Өзіңді жаңа қырынан көрсету,ашу. Қазір дамыған заманда кез – келген жаңа нәрсені үйрену өте оңай. Шет тілдерін үйрену ағылшын, түрік тілі, орыс тілі, француз, неміс тілідерін үйрену туралы курс, сабақтар толып жатыр. Аспаптарда ойнау домбыра, гитара, укулеле, скрипка сынды аспаптар өте көп. Интернет желісін ашсаңыз үйретушілер қаншама. Үйренуге арнайы көңіл бөліп уақыт арнасаңыз белгілі бір уақытта нәтижеге жетесіз.

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі ниет керек,одан соң – күш керек, одан соң тәртіп керек».

                                    Мұхтар Әуезов

                                                              Денсаулыққа көңіл бөл

Денсаулық – адам баласы үшін өте маңызды,тән мен жанның жиынтығы. Ең бірінші байлық. Қазіргі уақытта адамдар денсаулыққа көңіл бөлмей жатады. Зиянды тағамдар және нашақорлық денсаулықты құртудың бірінші тәуелділігі. Бұл тәуелділіктен арылу қажетпіз. Егерде, денсаулық дұрыс болмаса алдыңғы айтылған техникалар мүлдем көмек бермейді.

Сол үшін:

  1. Дұрыс тамақтан.
  2. Спортпен шұғылдан.
  3. Дәрумендерді көп қолдан.

Дұрыс тамақтан – ақуыздар мен өсімдектермен тамақтану. Олар: сүт, айран, балық, көкеністер, жасқабақ, қызанақ, қияр. Айталық, жаңғақ, алма, манго, банан, шие, бүлдірген міне осылар, жемістерге жатады.

Спортпен шұғылдан. Спорт – денсаулық кепілі. Физикалық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Күніне 30 минут жаттығу жасап тұрсаң сергек және көңілді жүресің. Болмаса аптасына үш уақыт. Денсаулығым мықты болсын десең спортты ешқашан тастама.

Дәрумендер  қолдан – күнделікті адам ағзасына қажет витаминдер. «А» витамині жеткіліксіз болса, адамның дамуын тежейді және жұқпалы ауруларға бейім болады. «В» витамині жетіспесе: шаршау, күйгелектік пайда болады. «С» витамині жеткіліксіз болса адамның аяқ – қолы сырқырайды, ауыздан жағымсыз иіс шығады, гемоглобині азаяды.

Денсаулық – байлықтан қымбат.

Сондықтан қазіргі қоғамда өзін дамытып жатқан адамдар ғана белгілі бір жетістікке жете алады және рухани, физикалық тұрғыдан дамиды, мықты тұлға болып қалыптасуға жол бастайды. Жетістіктің кілті – тұрақтылық. Аз – аздан және үздіксіз ойға алған ісіңді дамыт. Мақсат қой. Әрекет ет. Тәртіп. Өзіңді бағала. Еңбек ет.

                                                                        Дайындаған: Диас  САТЫБАЛДЫ,

                                                Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға

арналған мектеп – интернатының 11 – сынып оқушысы.

Суреттер «Қазақ әдебиеті» газеті мен Itest

сайтынан алынды.