Ұстаз ұдайы ізденістің адамы

     Әр ұстаз шәкірттері өзінің пәнін жете ұғынып, тақырыпты тыңғылықты игеріп кетуі үшін оқулықпен шектеліп қалмайтыны белгілі. Білімімді ұдайы жетілдіріп, оқытатын пәнім бойынша оқу-әдістемелік жаңалықтармен біліктілігімді дамыту, тынымсыз ізденісте болу – менің негізгі ұстанымым. Бала кезімнен есепті жақсы көрдім. Біздің ата-анамыз үнемі есебің дұрыс болсын десең, сандардан жаңылма дейтін. Есептерімізді алдымен нобай (черновик) дәптерге  жазып, барлық есептеулердің дұрыстығын тексерген соң, таза дәптерге көшіретінбіз. Математика – алдымен саннан, содан кейін санды санға қосып санаудан басталады. Сандар дегеніміз не? Оларды қолданудың әдістері, басқа да математикалық сұрақтарға жауапты мектепте оқушы кезімде оқулықтан таптым. Енді, өзім шәкірттерге жоғары сыныпта алгебра мен геометрия сабағын оқытып келемін.

Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қазақ халқы сандарға айрықша мән берген. Кейбір сандарды киелі деп айталық, үш, бес, жеті, тоғыз, яғни тақ сандарды атайды. Әр санға байланысты халықтың сенімі, салт-дәстүрі, дүние танымы қалыптасқан. Қазақ мәдениетінде 3, 7, 9, 40, 13 сандары ерекше мәнге ие болып есептеледі. [1]Бір ғана 3 санына тоқталсақ,  3 саны туралы шешендеріміз бен билеріміз, ақындарымыз  өз даналығын қалдырған. Үш қадірлі: Ырыс, бақ, дәулет (Жиренше шешен). Үш ақиқат: Қымбат – шындық, Арзан – өтірік, Дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен). Үш тұл: Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл. (Абай) Үш кедейлік: кежірлік, еріншектік, ұйқы. Үш кемдік: Надандық, еріншектік, зұлымдық (Абай) Үш бақытсыздық: жаман ат, жаман әйел, жаман көрші. Үш би: Үйсін — Төле би, Арғын – Қаз дауысты Қазыбек би, Алшын — Әйтеке би. Адамға үш жақын нәрсе: Жан — елі, мал — жері, адал жар — болашақ үрім-бұтағы. Үш көз: Су анасы – бұлақ, мал анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Математика тілінде сандар бірнеше топқа бөлінеді. Бұл тақырып 8-сыныпта өтіледі. [2]1. Натурал сандар. Натурал сандар деп 0, 1, 2, 3, 4-ті,… атаймыз. Барлық натурал сандар жиының N символымен белгіленеді. Белгілі бір a санының натурал сан екенің көрсету үшін a ∈ N деп белгілейміз. Мысалы 1 ∈ N, 5 ∈ N, 3 ∈ N. 2. Бүтін сандар.  Бүтін сандар деп оң және теріс таңбасымен алынған барлық натурал сандар жиынынан құралған сандар жиынын атаймыз. Яғни бүтін сандар 0, 1, 2, 3, 4,… және –1, –2, 3, 4,… сандар жиындарының бірігуінен құралған. Бүтін сандар жиынын P символымен белгілейміз. 3.Рационал сандар. Рационал сандар деп  (a ∈ Pb ∈ Pb ≠ 0) сандарын атаймыз. Мысалы Рационал сандар жиынын R деп белгілейміз. Кез келген бүтін c саны рационал жиынына енеді да, яғни рационал сан болып табылады. Өйткені , соңдықтан P ⊆ R. 4. Иррационал сандар. Иррационал сан деп π = 3,141592… немесе  = 1,4… сандары тәрізді бөлшек бөлігі шексіз, периодты емес цифрлардан құралған сандарды атаймыз. Иррационал сандар жиының Q деп белгілейміз. 5. Нақты сандар. Нақты сандар жиыны деп барлық  натурал, бүтін, рационал және иррационал сандардан құралған сандар жиынын атаймыз. Және бұл жиынды Z әрпімен белгіленеді.

Математика мен геометрия негізін біздің дәуірімізге дейін Евклид пен Пифагор салған. Есеппен жұмыс істеу бастауыш сыныптан бастау алады да, орта буын, жоғары сыныпта күрделене түседі. Теңдеулердің түрлерімен танысады. Теңдеу дегеніміз-шартты теңдік. Теңдеудің түбірін табу керек. Құрамында мәнін табу керек болатын әріпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Бір ғана мысал, x + 1 = 2 теңдеу болып табылады. Теңдеу дегеніміз ол белгісіз айнымалысы бар теңдік. Осының шешімін табайық. х+1=2.  x = 2 — 1 (1 теңдіктін сол жағынан оң жағына ауыстырамыз, сонда оның таңбасы минуске ауысады)  x = 1. Теңдеуде әріптер болады. Теңдеулер әртүрлі болады. Теңдеудің ортақ қасиеттері — мәндес теңдеулер, шешімдері (түбірлері) бірдей теңдеулер.

Математика цифрлардан, теңдеулер, түбір сандар сияқты көптеген түрлерге бөлінгенімен, әр сабақта оқушыны сөйлету арқылы олардың ана тіліміздегі сөздік қорын көбейтуге мән беремін. Тіл байлығы мол шәкірт кез келген қиын есептің өзін сөйлете алады. Әр сабақтың тақырыбына орай, сабақ барысын күнделікті өмірімізбен, экономика және алып құрылыстармен, тіпті қарапайым деген дәптер, қалам, мектеп ғимаратындағы дүниелердің өзін математикаға сүйеніп жасалғанын айта келе мектепте, үйде әр затқа ұқыптылықпен қарап, сақтай білуге үйретемін. Жай ғана мысал арқылы отбасылық бюджет туралы айтып, әр бала ата-анасының берген ақшасын қалай жұмсайтынын талқылаймыз. Математикада үнемшілдік, ұқыпытылық, нақтылық, қабілет болмаса дұрыс есептеулер шықпайды.

Заман көші ілгерілеген сайын жаңа технологиялардың түрлері дамып келеді. Бұрынғы қолмен жасалатын шаруалардың барлығы арнайы бағдарлама негізінде компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Сол себепті, бірқатар құрал-жабдықтарды пайдалану қысқарды. Мұның өзі адамның қабілетін арттырып, уақытын тиімді пайланып, материалдық құндылықтарды үнемдеуге мүмкіндік берді. Мектеп оқушысына сабақ беріп қана қоймай, олардың тәжірибе жүзінде де шыңдалуы үшін көмекші көрнекіліктер көп пайдаланамын. Оқушыларды жылдам ойлауға, ойын тез жеткізуге, пәнге қызығушылығын өмірден алынған мысалдармен арттырып, қабілетін шыңдауға үйрету. Мақсатым, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Білім беру, тәрбиелеу,  өмірлік практикалық білім дағдысын дарыту немесе дамытушылық. Оқушылардың ой еркіндігіне мүмкіндік бере отырып, талап қоя білу. Тәртіп пен талап бар жерде жауапкершілік артады. Сенімділік пайда болады. Сабақ барысында ұстаз бен оқушы арасында міндетті түрде кері байланыс орнауы қажет. Ұстаз еңбегінің нәтижесі де осында. Бала зердесіне ең алдымен, қандай есеп шығармаса да, оның астарында еңбектену қажет екенін ұқтыру жатыр. Оқушылардың математикалық қабілетін шыңдай отырып, олардың жандүниесіне адамгершілік құндылықтарына қанықтыра тәрбиелей отырып, жаңа заманның тұлғасын қалыптастыруға бар біліктілігімді арнап келемін.

ПОШАНБЕКОВА  Жанат Аскаровна,

Алматы қаласы, №15 гимназияның

математика пәні мұғалімі.

Дереккөздері: «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы;

[1], [2]tendeu.kz; mangystaumedia.kz