Ақ халатты абзал жандар!

Дүниені  алаңдатып отырған короновируске байланысты әрбір  емдеу орталығында, мекемелерде, сауда орындарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,алдын алу, сақтық шараларын сақтау  айтылып  келеді. Әрбір ақ халатты абзал жандар диагностика жасаумен қатар, вирусты анықтап, мемлекет тарапынан қаншама қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Қызылорда облысының Денсаулық Сақтау Басқармасының»Көп бейінді облыстық балалар  ауруханасы» бойынша  қазіргі таңда балалар да емделуде. Тойды азайтып, бала- шағаны, ағайынды ойлап, осы дерттің таралмауына үлес қосайық!

Алтын елім.
Әлемді дүр сілкінткен дерт кемелді,
Ажалға сүйреп жатыр дүйім елді.
Қазақтай қарапайым қайран елім,
Дерт асқынса барамыз қайда енді?
Шетелден жұқты бізге КОВИД дерті,
Вакцина алыңдар деп ұтыс берді.
Көлік пен пәтер беріп қызықтырып,
Вакцинаға тартуда біздің елді.
Қаншама жас- үлкендер өліп жатыр,
Елімде кейбір сұмдық болып жатыр.
Жас бала да жасынан ажал құшып,
Қызғалдақтар қыршындай солып жатыр.
Сақтансаң сақтайды ғой Бізді Аллам,
Абай болсақ талайлар шығар жардан.
Той тоқтатып күтініп үйде отырсақ,
Шығарымыз аныққой мына ажалдан
Үсті-үстіне әкеткен өліктер мың,
Дәрігер сүртер маңдай терін.
Аурулармен күрескен адал жанға,
Үкімет молдап берсе еңбектерін!
Ата- ананы ойлайық ең жақын жан,
Балаларды ойлайық алда тұрған.
Жақындарды ойлайық қамқор болып,
Біздер үшін алтындай қымбат болған!
Аллам бізді бұл дерттен аман қылсын,
Бейбітшілік тыныштық заман болсын
Ауру сырқау еліме жуымасын,
Мол бақытқа кенелген далам болсын!
Қазағым алтын елім аман болсын!

Берік Алтынай Айбекқызы
Қызылорда қаласы.