Ақиқатты айту мен адамды қорғау: қайсысы маңызды?

Сурет: ЖИ

Медиа әлемі-ақпаратты жеткізу ғана емес, оны сүзгіден өткізіп, жеті рет өлшеп, бір кесумен тең. Осы сәтті пайдалана отыра, әрбір маман журналистиканың тұңғиығындағы теңізге батады. Бергі жағалауы-ақиқатты айту болса, арғысы-адамды қорғау. Ендігі маңызды сұрақ: ақпарат тұтынушысы ретінде, журналистерге қайсысы маңызды?

Кіріспеде айта кеткенімдей, медиа маманының міндеті-халық көзін ақпараттандыру. Дегенмен, қоғамға оны жеткізу барысында сәтсіздіктер орнауы әбден мүмкін. Сондықтан мәселенің екі қырын қарастырған жөн.

Біріншісі-ақиқатты айту. Адам баласы осы саланың табалдырығын аттағаннан кейін өмірін шындықпен байланыстырады. Күнделікті көріністерді бақылай келе, әр журналистің жүрген жері ақиқат пен әділдіктің ізі. Кей адамдар оны «мінсіздік» деп атайды. Бірақ шындығына келсек, олар көше кезіп, өзгеден сауалнама алатындар ғана емес, билік пен халықтың қарым-қатынасын реттеп, әр бұрыштағы шықпай жатқан үнді күллі әлемге естіртеді. 24/7 ақпаратпен өмір сүретін жандар үшін әр саланың жілігін шағып, майын ішу маңызды. Әлем өзгереді, ақпарат көзі секунд сайын алмасады. Ал олар халықты аш қалдырмау мақсатында «медиа шарының» ортасында болуы тиіс.

Ақиқатты айтумен қатар, адамды қорғау да кеш емес фактор. Журналистика қанша жерден ақпараттың жанында жүрсе де, адамзат құндылықтарын таптауға жол берілмейді. Мысал келтіретін болсақ, ХХІ ғасырда бірталай әнші-блогерлердің абыройы халық алдында төгілген еді. Дегенмен, ол ақпараттың рас я жалған екені беймәлім. Абыройдың тапталуын шетке ысырып, терең үңілетін болсақ, адам жайлы әлеуметтік желілердегі сыни пікірлер оның психологиялық күйі мен жалпы денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сол себепті жаңа медиада жағадан ережелер көрініс тапты. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, белгілі бір тұлға жайлы мәліметті БАҚ-қа жарияламас бұрын, автордан рұқсат алу міндетті. Жалпыға мәлім «бейтараптық» та медиа саласында ерекше орынға ие. Бұл фактор адамзат құндылықтарыын таптамай, керісінше сары зонаны ұстауға көмектеседі. Себебі журналист үшін кішігірім қателік абақтымен теңестірілуі мүмкін.

Түйіндей келе, ақиқатты айту мен адамды қорғау бір-біріне қас жау емес, тірек болатын алып таулар. Ақиқатты айту-маңызды, алайда алдымен тұлғадан рұқсат алу қажет. Сонда ғана қоғам дами түсіп, еліміздегі әр азаматтың құқығы сақталып, адал ақпарат көзін сіңіріп отырады. Ақпарат-теңіз, сол теңізде жүзетін кеме заңмен түйісіп келеді.

Айдана КОПЖАН,

 Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,

«№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы

Жетекшісі:Көздіғарина Рита,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі