Ақ жол саған, жас тілші!

Нұрдана біздің журналымыз бен желілік басылым-сайтымыз туралы мәліметтерді жанына жақын баспасөз басылымдарын іздегенде, көзі шалып қалып әлеуметтік парақшаларымызды тауып мәлімет алғанымен бөлісіп, өзін таныстырды. Биыл мектеп бітіргелі отырған жас түлек шығармашылыққа жақын екенін, сондықтан журналист мамандығын таңдағанын айтты. Нұрдананың жазған дүниелерімен таныстық. Н.Төлеуханова Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,«№3 Күршім гимназиясының» 11 – сынып оқушысы. Шығармалары редакцияға қабылданып, farabishakirti.kz сайтына жүктелуде. Farabi shakirti журналының алдағы нөмірлеріне де мақалалары мен ертегілері жариялады.
«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген даналыққа сүйенген жетекшісі Нурсейтова Акерке Тулеутаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі. ШҚО, Күршім ауданының «Үздік педагогы-2019» аталымының иегері. 2025 жылы ҚР Оқу ағарту министірінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Талантты оқушылары аудандық, облыстық пәндік олимпиада, ғылыми жобалардың иегерлері атануда.
Жас тілшіміз Нұрданаға сәттілік тілеп, арманы орындалсын дейміз!
«FSH» журналының шығармашылық ұжымы