Абай ұлттық мектебі «Infact» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен республикалық турнирлер

Абай ұлттық мектебі соңғы жылдары тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар пікір мәдениетін дамытатын маңызды орталыққа айналып келеді. Соның жарқын дәлелі — «Infact » дебат клубының ұйымдастыруымен өткен республикалық деңгейдегі «Daryn Cup I», «Daryn Cup II» және «Daryn Cup III»турнирлері.
Бұл турнирлерге Қазақстанның әр қаласынан дарынды, ойы ұшқыр, пікірталасқа дайын жастары жиналып, өзара мықты бәсекеге түсті. Қатысушылар тек жүлде үшін ғана емес, өз ойларын дәлелді жеткізіп, қарсы тараптың пікіріне құрметпен жауап беруді үйрену үшін де келеді. Себебі дебат — тек жарыс емес, ол тұлға қалыптастыратын үлкен мектеп.
Daryn Cup турнирлерінің ерекшелігі — жүлде қорларының жоғары болуы және ұйымдастыру деңгейінің кәсібилігі. Әрбір қатысушы өз еңбегінің бағаланатынын сезініп, одан әрі дамуға мотивация алды. Ал қызу тартысқа толы ойындар қатысушылардың логикалық ойлауын, шешендік қабілетін және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
Аталған турнирлердің маңыздылығы тек қатысушылар үшін ғана емес, жалпы дебат қауымдастығы үшін де жоғары бағаланды. APF ұжымы тарапынан 2025 жылдың “Ең үздік турнирі” атағына ие болуы — «Infact » дебат клубының еңбегінің нақты дәлелі.
Осындай ауқымды республикалық турнирлерді ұйымдастыру арқылы Абай ұлттық мектебі жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, еркін ойлайтын, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосып отыр. Ал «Infact » дебат клубы — осы жолдағы көшбасшы клубтардың бірі екенін дәлелдеуде.
ТУРКЕБАЙ Ақзере Маратқызы,
SDU Journalism school 1-курс





