Абайдың қанатты сөздері

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл)

                      Адам, адамгершілік, ақыл, жүрек хақында

***

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

***

Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

***

Өзімшілдік —  адамды бұзатын пиғыл.

***

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

***

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

***

Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

***

Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылдығы…

***

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

***

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

***

Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

***

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

***

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

***

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек,

semeylip.kz,

Суреттер: egemen.kz; Pibig.info