Абыройлы қарттарым, бақ шынарым,

Ауыл қарттары
Дүниеге келер бір рет,
Дария-кеуде,
Тау-мүсін,
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым, аман-саумысың?
Өздерің болсаң жанында,
Ел іші жомарт,
Еңселі,
Дән иісі жүрген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі.
Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп,
Айта алмай ауыз толтырып
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.
Өзге бір менде жоқ тілек,
Өздерің көзбен баққаным,
Жайлы жер іздеп кетті деп,
Жазғыра көрме, қарттарым.
Ердім бір сиқыр қаламға,
Шығардым белге жыр көшін.
Болғам жоқ алаң,
Даламда,
Әулие қарттар жүргесін.
Жанды ғой бағы даланың,
Сендерге қуат, дем берсін.
Киесі де оның сендерсің,
Иесі де оның сендерсің.
Алдында жүрші көзімнің,
Асылым, алтын қазынам.
Ауыра қалсам, өзіңнің,
Пейіліңмен-ақ жазылам.
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүрші!
Шежірелі қартың болса
Шежірелі қартың болса,
Қағазға жазған хатың деген,
Қарттың сөзі кітапқа жақын деген.
Жер ортада өлмесін атың деген,
Ер ортада өлмесін қатының деген.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген.
Жігіттің алған жары жаман болса,
Қаншық иттей тақымдар кəпір деген.
Ата-бабаң үлгісі,
Қазылған қара жолмен тең.
Ағайының көп болса,
Ұлұғ əскер қолмен тең.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Жұмақтағы хормен тең,
Егер де жаман болса
Мына маңдайға біткен сормен тең.
Уа, жігіттер,
Əйел алсаң қарап ал, ақылдысын,
Ол сенің ақыреттік жақын кісің.
Келген мейманыңды жəне туғаныңды
Бірдей тəрбиелеп,
Ол жəне ұмытпасын хақтың ісін.
Мен қарапайым қарттарды сүйем
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы — қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем… тоймаймын… сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл…
Қарияларға бата
Түндерің тыныш болсын,
үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш əкелсін,
немерелер жұбаныш əкелсін.
Орындарың төр болсын,
дастарқандарың мол болсын!
Қатарларың көп болсын,
уайым-қайғы жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
зұлымдардың жаласын көрмеңдер!
Еліңде бірлік болсын,
жарасты тірлік болсын!
Əумин!
Қариям
Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.
Құлақ ас қарттың сөзіне,
Жаралған өмір сазынан.
Аманат етер өзіңе,
Қария қартың қазынаң.
Дариясына қарап,
Арындары асқандар бар.
Қариясына қарап,
Қарыны ашқандар бар.
Аман болсаң алдан жетіп,
Қариялық та келер ғой.
Балам болсаң арман етіп,
Қартая білу өнер ғой.
Қарттарым
Қарт қазынам,елдегі қырандарым,
Ұрпағыңа жазылар ұрандарың.
Өнегелі сөз айтсаң, өрлей түсіп,
Немғұрайлы ісіңе қуанбадым.
Отбасыңмен, отаның самғау үшін,
Керек сенің жүйелі жан дауысың.
Тайқып жүрген орнынан қарттарым көп,
Абаданға, игізіп ар-намысын!
ін тудым, мінезін таппағанбыз,
-дейді көп қарт, ең оңай, жаттап аңыз.
Ниетпенен, о, бастан еңбек болса,
…рахатын көресің, шақта нағыз!
Қаймықпаса, ұл-қызың қаһарыңнан,
Әже батыр, не тәйір ата қыран?
Ұрпақ қисық, жол жүрсе сен айыпты,
Көргенінен, себебі татады дәм!
Абыройлы қарттарым, бақ шынарым,
Білем бұлақ, лай суды жатсынарын.
Босағасы, беделдің берік болсын!
Шаңыраққа, шындықтың жақ шырағын.
https://www.zharar.com/
Сурет: https://www.youtube.com/