Адам бойындағы энергиясын дұрыс пайдалана ала ма?

Біздің миымыз өте көп ақпараттарды қабылдауға бейім. Сондықтан уайым-қайғы, өтіп кеткен нәрселерді ойлау, керек емес ақпарттарды миымызда сақтау артық салмақ салады. Сол үшін адамдар көп жетістікке жете алмай қалады. Себебі энергия жетіспейді.
Адамның энергиясы әр жерге кетіп жатады. Мысалы телефон қарағанда, сөйлескенде, физикалық жұмыс жасағанда, тіпті теледидар көріп жатқанда да энергия жұмсалады.
Энергиясы күшті және әлсіз адамдардың айырмасы неде?
Адам энергиясының жоғарғы деңгейі — денсаулық, сенімділік және қаржылық әлауқат. Ондай адамды алыстан көруге болады. Оның тәні сау, басы таза, келбеті сергек, қайратты. Мұндай адам денесі әрбір қиымлға сенімді қарайды. Ал энергиясы төмен адамдар күшті адамдарға мүлдем қарама-қайшы. Яғни энергиясы жоқ адамдар өмірі шаршаңқы жүреді, ұйқысы келе береді. Дұрыс өмір салты болмайды.
Дәл осы адам бойындағы энергияны құртатын нәрселерді білу өте маңызды.
Әлеуметтік желі
Пайдасыз видеоларды көру, сізге пайда бермейтін нәрселерге қызығу. Мұның барлығы сізден энергияны талап ете қоймай, сіздің арман-мақсатыңызға деген құлшыңызды төмендетіп, тіптен оны жойып жіберуі мүмкін. Мысалға делік сіз керек емес видео көрдіңіз (20-30 минуттық болсын) оған энергияңыз кетті, назарыңыз кетті, уақытыңыз кетті. Міне, энергияңыз және күш-қуатыңыз кетіп жатыр. Көп ұйықтаудың маңызды белгісі осында.
Негативтер
Барлық негативный нәрселер, негативті кинолар, негативті пікірлер, негативті музыкалар, негативті видеолар, негативті ақпарттардың барлығын миыңыздан алып тастаңыз. Себебі бұлар энергияны алып қойып жатады. Мысалға делік, сіз қорқынышты кино көріп алдыңыз, миыңызды сол қорқынышпен толтырып қойдыңыз және көз алдыңызға сол қорқынышты бейнелер келе береді. Яғни өзіңізге босқа негативті ойлар толтырасыз.
Ұнатпайтын іс
Бұл сіздің 50 пайыз энергияңызды алып қояды, яғни тең жартысын. Біз мамандықтан қателеспеуіміз керек. Өзіңіз қандай жаққа қызығасыз, сондай жаққа әрекет ету қажет. Сонда ғана энергияңыз толы, табысты, гүлдей жайнап өміріңіз өзгереді. Өмірде өзіңізді тауып, жетістікке қарай жол ашылады…
Сендіру
Біреуді өтірік нәрсеге сендіру- бұл да сіздің энергияңызды алып қояды.
Пайдасыз іске қызмет көрсету
Бұл да энергияны талап етеді.
Өздеріңіз білетіндей әлемдегі барлық нәрсе ең кішкентай бөлшектерден тұратын молекулар үнемі қозғалыста болады.
Ғаламдағы барлық нәрселер қозғалады және көзге көрінбейтін өзіндік энергияға ие. Адамдардың да өз заряды бар
Адам энергиясын қалай арттыруға болады?
Өзіңіздің мінез құлқыңызды бақылаңыз. Сабырлы болыңыз. Оқиғалар қандай болса, оған шамадан тыс реакция жасамаңыз. Кішкентай бала сияқты өмірді сүю керек. Және алғаш қар жауғанда қуану. «Бақыт» сөзінің қадірін біліңіз. Кішкентай заттың өзін бағалай біліп, оның бар болғанына қуаныңыз.
Күнде энергияңыз тасып, көңіл күйіңіз жақсы болу үшін- көкөністер мен жемістер жеңіз. Олар адам денсаулығына зор пайдасын әкеле қоймай, жұмысыңызға құлшыңызды арттырады. Яғни бір іс бастаған кезде шабытыңызды ашады.
«Қазіргі сәтте менің энергиям аз!», «Не істесем де жұмысқа деген құлшынысым ашылмай жатыр» — десеңіз, ең бірінші қолыңызға қағаз алып, ертең не істеу керектігінін тізімін жазыңыз. Сонда ғана күніңіз сәтті өтеді. Сол өзіңіз жазғандарды істеуге талпыныңыз. Солай солай қағазға жазбай-ақ миыңыз жұмысты өзі еске салып тұрады. Сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз энергия өздігінен қосылып отырады. Кейіннен соны әдет қылып күнде жасайтын сәтке жетесіз.
ТҰРДАҚЫН Әмина Жанатқызы,
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
10-сынып оқушысы.
Сурет:https://didar-gazeti.kz/