Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Ғаламтор — қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеттік. Ғаламтордың жылдамдығы нашарлап қалса болды,- бірден ашуға берілеміз. Бұлай ашуланғанға негіз бар ма әлде жоқ па? Соны анықтап алайық.
Ғаламтордың пайдасы:
Ғаламтор — ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен мағлұматты тауып, қажетіне жарыта алады. Өзін мазалап жүрген мәселелердің жауабын таба алады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан қабардар болып отыруға көмектеспек. Бір жағынан интернет адамның білімін және қабілетін, тұлғалық қасиетін дамытуға ықпал етеді. Ғаламторда шек жок. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсыз, сөйлесесіз, хабарласасыз. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамдармен ғаламтор арқысы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама?..
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, курстарға қатысуға болады. Одан бөлек ғаламтор — нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
Ғаламтордың зияны:
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиянды жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы — адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қазғалыстан қалдырып және де бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Одан бөлек қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.
Жалпы компьютердің алдында артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресустарғы кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтордың түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн.
Нұрдәулет Баура,
7 «ә» сынып оқушысы.
«Еңбек орта мектебі — Өрнек бастауыш мектебімен КММ».
«Жас тілшілер» тобының жетекшісі:
Кеклова Алма Мукамгалиевна