Алаш баспасөзінің тағлымы — ұлы жеңіске тағзым

«Тірі болсақ — алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!,- деп Әлихан атамыз жаңылмай айтып кеткен секілді. Ал біз осы тұлғалардың үмітін ақтап жүрміз бе? Алаш арыстары  армандаған мемлекет құра алдық па? Біз болашақ ұрпаққа не амананаттамақшымыз?

«Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» — деген Міржақып Дулатұлының сөзі қазіргі жастардың ұранына айналуы керек-ау шамасы. Ұлтқа қалай пайда тигіземін деп емес, ұлтымнан қалай ақша алсам болады деп жүргендерде аз емес. «Ұлтымнан не аламын емес, ұлтыма не беремін деп өмір сүр» — деген асыл сөзді ұпытпағың. Қара бастың қамы үшін жер басып жүріп, өмірден қалай өткенін білмей қалатындар да жоқ емес.

«Ұлт-жұмысы үлкен жұмыс; үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек”»,- демекші. Ұлттың жұмысы бір адамның немесе атқамінерлердің ғана  мойнына міндеттелген шаруа емес. Ал мына біз бен сіздердің атқару керек істеріміз қаншама?  Ұлтқа қайтсем пайда тигіземін деп тек ойлау емес, ойыңды іске асыру, сөзбен емес іспен дәлелдеу ғана жұртқа пайда болады. Айталық: кез-келген ортада қазақша сөйлеп, тіліміздің шоқтығын одан әрмен жоғары өрлете білсек бұл да жұртқа қылар істен кенде қалмағанымыз. Себебі  Халел Досмұхамедовтың пайымдауынша:

—«Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек». Тіліміз болмаса тірі жүргенімізден не қайран?..

Туған жеріңнің бір уыс топырағын да өзге жұртқа қорлатпа! Ата-бабаң сар далада сандалып жүріп аманат еткен ұлан ғасыр даланы қалай ғана өзгенің жетіне жібермексің.  Әлихан Бөкейханұлының ұйғарымы бойынша: «Жер. Жер және жер. Жерсіз Отан жоқ». Шыныменде-ақ Отаныңды отар қылып отырсаң қандай ұлт мүддесін қорғар адам болғаның?.. Ал қолда бар алтынның қадірін білмей өзгелердің қолына өзіміз тапсырсақ ше? Бұл ұлт мүддесін қорғауға жата ма? Әрине, жоқ.

«Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек» — деген. Бұл да 5 ұстанымның біреуі. Біреуі болсада бірегейі. «Астымызда мұнай, үстімізде құдай, ортасында адай», — деп батыстықтар  айтпақшы бұл батыс халқының байлығы. Бірақ осыншама  мұнай өндіріп, Батыс байығанмен халықтың байлығы асып-таспай жатыр. Неге біз де Жапония секілді жаңғырған, Арабтар секілді ауқатты болмасқа. Ондайлар аз емес, тіпті ортамызда да бар. Бірақ тек соны іске асырар кездегі шолақтықтың зардабы көптеп өзімізге тиіп кетеді.

Алаш арыстары экономика саласын  да тасада қалдырмаған. Оған дәлел: «Бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» — деген бір-ақ ауыз сөз. Әрине ұлттыңның дүниесі сол мемлекеттің жұртына ғана тиесілі болып жатқандығы шындық. Бірақ, ең алдымен өзімізді емес, жат елге экспорттауды ойлауымызда өтірік емес. Соның салдарынан: тапшылық, қымбатшылық болмақ. Бұл да халық жағдайының ақсауына алып келеді.

Мемлекетті құрудағы басты мәлелердің бірі — қандай заңға, қандай жүйені үлгі ете отырып құру. Алам зиялылары:  «Тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру» — депті. Бұл да тегіннен тегінге айтылмаған сөз болар. «Алты күн аш отырсаңда, ата жолын ұмытпа». Бұл салада Жеті жарғының көмегімен заң енгізуі, бұрынғы салт-дәстүрдеріміздің сақталуы, тәуелсіз ел болғанан кейін бірегейлігімізді сақтау өте дұрыс шешімдердің бірі болды десек қателеспейміз. Себебі қазірде қайтадан ата-баба жолына түскен ұлт ретінде өшкенді қайта жаңғыртып, ұлттық болмысымызды қалыптастырып, ұлтқа қызмет ету керектігін ұғынып жатырмыз. Бұны Алаш зиялылары сонау жылдары түсініп, ұғынып қойса. Біздің санамызға енді жетіп жатқаны өкінішті-ақ.

Қарап отырсақ, қазіргі жастар осы кеткен қателіктерді түзей алса біз болашаққа Алаш армандаған мемлекеттің кілтін тапсырамыз. Ал олай істей алмасақ, құр өкініштен не пайда? Өкінбес үшін өткен өмірден өзімізге сабақ алу керек. Себебі «Тарих бізге қателіктерді қайталамау үшін керек» деген. Енді келешегі кемел, ұлты сауатты, халқы атақты ел болу үшін, бесіктен бастап ұлтқа қызмет ету керектігін құлаққа сіңіру болашақ әке мен ананың, біздің мойнымызда. Осыны іске асырсақ  тегінде жаман ел болмаспыз.

САТТЫБАЕВА  Еркенур,

Алматы қаласы, Абай атындағы РММИ

11-сынып оқушысы.

https://abai.kz/