«Алдар көсе»: уақытпен бірге жаңарған кейіпкер

Сурет: басты кейіпкер Дәурен Серғазинның Instagram парақшасынан алынды.

Алдар көсе – қазақ көрерменінің сүйікті туындыларының бірі. Бұл жоба 2011–2012 жылдары жарық көріп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Телехикаяның негізі Жүсіпбек Аймауытовтың 1938 жылғы шығармасына сүйеніп түсірілген. Жобаның режиссері – Дін Мұхаммадин.

Басты рөлдерде: Бибігүл Төлегенова, Болат Әбділманов, Дәурен Серғазин, Алмагүл Әлішева және басқа да актерлер ойнады.

Телехикаяның басты ерекшелігі – оның уақытпен шектелмеуі. Алдар көсе бір бөлімде XIX ғасырдағы байлардың сараңдығын әшкерелесе, келесі бөлімдерде қазіргі Астана мен Алматы тұрғындарының арасында жүріп, заманауи қоғамдағы түрлі құбылыстарды әзіл арқылы көрсетеді. Осылайша кейіпкер әр дәуірді байланыстырып, қоғамдағы мәселелерді жеңіл әрі әсерлі жеткізеді.

Араға 15 жыл салып, жоба жаңа форматта қайта оралды. «Алдар көсе: Махаббат туралы аңыз» фильмі көрерменге ұсынылмақ. Бұл жолы да жобаның қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Дін Мұхаммадин.

Бас продюсері – Наурыз-Бек Тастанбек, ал продюсерлер қатарында Дәурен Серғазин, Әділ Ахметов, Нұрболсын Құлбатыр бар.

Жаңа фильмде Дәурен Серғазин, Мұхтар Тұрсынбай, Ариан Худаштиан, Асан Мажит, Әділ Ахметов, Мадина Май және басқа да актерлер өнер көрсетеді.

Фильм 23 сәуірден бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында жарық көреді. Көрерменді тапқырлыққа толы оқиғалар мен жеңіл әзіл күтіп тұр.

САЙРАНБЕК Мөлдір,

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.

«Journivers» курсының жетекшісі: Құдайберген Саяжан

Өскемен қаласы