Алматыда мектепте жарылғыш зат бар деген ақпараттан соң балалар эвакуацияланды

Алматы қалалық полиция департаментіне «бомба» туралы хабар келіп түскеннен кейін №25 мектептің оқушылары ғимараттан эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің мәліметінше, жедел-құтқару қызметі Алматының Алмалы ауданында орналасқан №25 орта мектептің ғимаратын тексерген. «Алғашқы дереу әрекет аясында ықтимал жарылғыш затты іздестіру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Саперлік бөлімшелер тартылып, эвакуациялау жұмыстары атқарылуда», — деді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ сағат 12:21-де ақпарат расталмағаны және жарылғыш зат табылмағаны хабарланған болатын.

Автор: Рамазан Есмағамбетов