Анаға ақ тілектер ақтарылсын!
Көктеммен бірге жадырап келетін мерекемен пейілі кең, жүрегі ақ, жүзі нұрдан жаралған асыл Аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Аналардан: – Сіздің ең бақытты күніңіз қайсысы? – деп сұрай қалсаңыз:
- Менің ең бақытымды күнім сәбиімнің күндіз сау, түн ұйқысының бұзылмай тыныш ұйықтағаны, – дейді.
Тарының қауызына сыйып тұрған екі ауыз сөзде перзенттерінің бүкіл ғұмыры айтылып тұр.
Ал, сіз менен: – Сенің бақытың неде? – десеңіз:
- Анамның риясыз жымиғаны, — деп айтар едім.
Анам жымиса, сол күлкіге бүкіл әлемнің шаттығы сыйып кеткендей күй кешемін. Оның жандүниесінің күйзелмегені, денінің саулығы, ғұмыр жасының ұзақтығы мен ақ бұлттармен жарысып, көкке самғаған ақ көгершіннің қанатындай желмен тербелген ақ орамалындай ұл –қызына деген ниеті әр балапаны үшін мәңгілік бейне!
Анаға арнаған шексіз тілегіміз, ақындардың өлеңі, жазушылар мен киногерлердің шығармасы, балалардың пәк көңілден «Ана» деп шырқаған әні, келіндердің иіліп салған сәлемі – Аналарымыздың алғысына бөленіп, батасына лайық болсын!
Аналарымыздың жаны, жүрегі мәңгі көктем күйінен айнымасын!
Аналарымызға Алланың нұры жаусын!
Ізгі ниетпен:
«Farabi shakirti» журналының оқырмандары мен
шығармашылық ұжымның атынан:
Бас редактор,
ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Кучукова