«Ана тілі – арың бұл»

Ең алдымен ана тілі дегеніміз — адамның ерте балалық шағында арнайы оқытусыз, тиісті тілдік ортада меңгеретін тілі («бірінші тіл») болады. Бала ерте жастан бастап белгілі бір деңгейде бірнеше тілді де меңгере алады, мұндай жағдайда оның екі немесе одан да көп ана тілі болуы мүмкін. Ең қызығы, әлем бойынша мыңдаған тілдердің түрлері бар және соған байланысты барлық аймақтың өзінің ана тілі болады. Олар қытай тілі, ағылшын тілі, француз тілі, кәріс тілі, жапон тілі, испан тілі, орыс тілі, араб тілі және біздің елге қатысы бар тіл әрине ана тілі-қазақ тілі.
Қазақ тілі (төте: قازاق ءتىلى, латын: qazaq tılı) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын тіл. Оның тарихы мыңдаған жылдарға созылып, алғашқы жазба ескерткіштеріміздің бірі 9-10 ғасырларда пайда болған «Құтты білік» және «Оғызнама» сияқты шығармалардан басталады. Қазақ тілінің дамуының негізгі кезеңдері ретінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы тіл саясаты мен ауыз әдебиетінің рөлі маңызды болып табылады. Тілдің лексикалық қоры байып, грамматикалық құрылымы қалыптасқан кезеңдер осы уақытта жүзеге асты. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды, бұл тілдің дамуына тың серпін берді.
Қазіргі қазақ тілі қоғамның барлық саласында қолданылады. Мектептерде қазақ тілі пәні міндетті түрде оқытылады, бірақ қала мен ауылдар арасындағы тілдік жағдай айырмашылығы байқалады. Әсіресе, жастар арасында орыс тілі мен ағылшын тілінің кеңінен қолданылуы қазақ тілінің күнделікті өмірде қолданылу аясын шектейді.
Қазіргі уақытта қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғанымен, оның қоғамдағы нақты қолданылу деңгейі әртүрлі салада әркелкі. Бірқатар негізгі аспектілерді де атап өтуге болады.
Мәселен, мемлекеттік басқару мен құжат айналымы. Қазақ тілі ресми құжаттарда негізгі тіл ретінде бекітілген. Дегенмен, мемлекеттік мекемелерде әлі де орыс тілінің кеңінен қолданылатыны байқалады. Кейбір аймақтарда қазақ тілінде құжат жүргізу сапасы төмен деңгейде қалып отыр.
Сонымен, тіліміздің қоғамда өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатуының себебі неде?
Қазақ тілінің дамуына кері әсер ететін негізгі себептердің бірі – жастардың еліктеушілігі. Жасөспірімдер батыс мәдениетіне қызығып, сол тілде сөйлеуге ұмтылады, нәтижесінде ана тілін қолдану азаяды. Жаһандану мен технологиялық прогресс түрлі мәдениеттердің араласуын күшейтіп, бұл үрдісті одан әрі тереңдетуде.
Тағы бір себеп – патриоттық сезімнің әлсіреуі. Кейбір жастар өз тілінен ұялып, басқа тілде сөйлеуді дұрыс көреді. Сондықтан қазақ тілін дамыту үшін жастарға тартымды, заманауи жобаларды қолдау қажет. Мысалы, қазақ тіліндегі комикстер, ұлттық стильдегі киім брендтері сияқты бастамалар тіл мен мәдениетке қызығушылықты арттырады.
Қазақ тілі мәселелерін алдын алып шешу, дамыту үшін тек теория емес, нақты іске асатын қадамдар мен жолдар керек. Соның ішінде төмендегі бағыттар ерекше маңызды:
- Ұлттық мектеп тәжірибесін кеңейту
Ұлттық мектептерде тіл мен әдебиет тереңдетіліп оқытылады, оқушылар шешендік өнерді меңгереді, қосымша кітаптар мен әдістемелік құралдар дайындалады.
Бұл тәжірибені барлық білім беру ұйымдарына енгізу қажет. Нәтижесінде оқушылар тек білім алып қана қоймай, еркін сөйлеу, ойды дәл жеткізу қабілеттерін дамытады.
- Ғылыми жобаларды нақты өнімге айналдыру
Қазақ тілі бағытындағы ғылыми жобалар тек байқаумен шектелмеуі тиіс. Әсіресе 1 орын мен бас жүлде алған жобаларды қоғам игілігіне енгізу қажет.
Мәселен, олар: тіл үйрететін қосымша, қазақша білім платформасы, терминологиялық база түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ғылымның нақты пайдасын арттырады.
- Әлеуметтік желілерде қазақ тілін трендке айналдыру
Қазіргі жастардың негізгі ортасы – әлеуметтік желілер. Сондықтан:
TikTok-та қысқа танымдық видеолар
Instagram-да сапалы визуалды контент
Telegram-да пайдалы материалдар арқылы қазақ тілін кеңінен насихаттау қажет. Бұл тілді күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады. (Мен білетін @Kazakh.speaking.club инстаграмм парақшасы, Қазақ бабыл және Калькасыз қазақ тілі телеграмм парақшарлары өте пайдалы)
- Қазақ тіліндегі креативті ойындар мен өнімдер жасау
Тілді дамыту тек кітаппен шектелмеуі тиіс. Қазақ тілінде ойындар, викториналар, челлендж жасап оны жалғастыру, сөздік квесттер жасау арқылы жастардың қызығушылығын арттыруға болады. Бұл тәсіл тіл үйренуді жеңіл әрі қызықты етеді.
Жоғарыда айтыла кеткен ұсыныстарға сүйеніп, мән беріп, орындап бастасақ мен өзіміздің елімізге үлкен пайдасын тигізетінімізге сенімдімін.
Қазақ тілін дамыту — тек оны сақтау емес, оны заманға бейімдеу. Егер тіл білімде, технологияда, ғылымда және күнделікті өмірде кеңінен қолданылса, ол табиғи түрде дамиды. Әрбір азамат өз үлесін қосқанда ғана қазақ тілі шын мәнінде дамып, болашақ ұрпаққа толыққанды жетеді.
МАРАТОВА Сабина,
Абай Ұлттық мектебінің 11- сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым — сайтының Жас тілшісі.
Жетекшісі: Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы
Сурет: https://egemen.kz/





