Асқар тау әкемді ойлап…

Ата-анам барда менің жүрегімде балалық бар еді. Немере сүйсем де әкеме бір, анама бір еркелеп, ғұмыр жасымды сезбейтінмін. Иә, жылдар алға қарай жылжыған сайын қарияларымыз өмірден көшеді, артында ұрпағы қалып арулап мәңгілік мекеніне тапсырады. Марқұмның қырық күндік асына дейін бейсенбі сайын дастархан жайып, рухына Құран-дұға бағыштайды. Дүниеден өткеніне қырық күндік асын, одан жылдық асын өткізіп, ұл-қыздары өмірін жалғастыра береді. Бір қарағанда, солай көрінеді, алайда әр баланың жүрегінде ата-анаға деген сағынышы басылмайды. Көкіректе бір арман қалады.
Міне, мен әкемді ойлап толғанып, келмеске мінген кемесін кері қайтара алмай отырмын. Жақында ғана менің әкем – Мустафаұлы Әзез бақилық болды.
Ол бүкіл ғұмырын адал еңбекке арнап, ел құрметіне бөленген жан. Әкем фәни дүниеде саналы ғұмырының 40 жыл бойы мал шаруашылығы саласында жемісті еңбек етті. Шығыстың қақаған аязы мен боранында, жаздың аптап ыстығына қарамай, төрт түліктің бабын тауып, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосты. Мал бағу – үлкен төзім мен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Әкем осы жолда табандылық танытып, еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті.
Ол – тыл ардагері. Ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп, қиын кезеңдерде шаруашылықты көтеруге атсалысты. Адал еңбегі лайықты бағаланып, аудан және округ тарапынан бірнеше мәрте марапатталып, алғыс хаттар мен құрмет грамоталарына ие болды. Бұл – оның тындырымды еңбегінің бағаланғанының айғағы.
Мустафаұлы Әзез – ақжарқын, кеңпейіл, мейірімді жан. Ауылдастары оны сыйлап, ақыл сұрап, үлгі тұтатын. Біз үшін ол – тек әке емес, өмірлік ұстаз, сабыр мен парасаттың символы.
Осындай асқар таудай әкем барын мақтан етемін. Оның адал еңбегі мен адамгершілігі – бізге қалдырған ең қымбат мұрасы. Немерелерінің аласармас асқар тауы, тірегі бола білген атасын еске алып, сағынышы мен көңілін өлең арқылы білдіруде. Кенже күйеубаласы Ернармен
Әкеммен қоштаса отырып, анамды еске алмай кетсем, перзенттік парызым орындала ма? «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда, Қарызыңнан құтылмайсың», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» — деген екен халық даналығы. «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ». Біздің асыл анамыз – Әділқызы Загила. Ол 1942 жылдың 1 қаңтарында қарапайым отбасында дүниеге келіп, бүкіл өмірін отбасының бақыты мен берекесіне, балаларына арнады.
Анамыз – «Алтын алқалы» алған ардақты ана. Әкеміз екеуі 15 баланы дүниеге әкеліп, үлкен әулеттің ұйытқысы болды. Әр перзентін мейіріммен тәрбиелеп, адалдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулыды. Оның аналық жүрегі бәрімізге бірдей жылу сыйлап, өмірімізге бағыт берді. Бүгінде қалған 12 ұл-қызынан 47 немере, 37 шөбере сүйген жандарды еске алып, рухына дұға жасап отырмыз. Әкем жастайынан еңбекке араласқан. Еңбек жолын механизатор болып бастапты. Бір үйдің жалғыз ұлы болғандықтан ата-анаға тірек, қарындастарына қамқоршы болды. Анамызбен отау құрып, шаңырақ көтерген соң, мал бағып шопан ата тұқымын көбейтуге күндіз-түн демей, адал еңбек етті. Анамызбен 55 жыл бірге өмір сүрді.
Анамыз он саусағынан өнері тамған шебер еді: тігін тігіп, көрпе құрап, тоқыма тоқып, ұл-қызын киіндіріп, отбасының қажет бұйымдарын өз қолымен жасайтын. Қыстың суығында балаларын жылы киіммен қамтамасыз етіп, қамқорлығын аямады. Әр бұйымында ананың ақ пейілі мен махаббаты сезілетін.
Анамыз сабырлы, ақкөңіл, кеңпейіл жан болды. Барға қанағат етіп, жоққа сабыр сақтап, шаңырақтың берекесін кіргізді. Қарапайым отбасынан шықса да, жүрегінің кеңдігімен, тәрбиесінің тереңдігімен айналасына сыйлы болды.
Біз үшін анамыз – таусылмас мейірімнің қайнары, өміріміздің шуағы. Оның өнегелі өмір жолы – бізге мәңгілік үлгі.
Осындай асыл ананың перзенті болғанымызды мақтан етеміз. Ана есімі жүрегімізде мәңгі сақталады.
Сандуғаш ӘЗЕЗҚЫЗЫ
Атамның рухына
*Кеттіңбе, ата, мәңгілік мекеніңе.
Уақыт келсе артыңнан жетемін бе?
Қош бол, балам дегендей деміңді алып,
Кете бардың, кәлимаңды келтірдіңде.
*Қош бол, ата әжеме сәлем айтқың,
Рухтарыңыз райан бақта шалқысын.
Жүздеріңіз нұрланып дұғаменен.
Мәңгі мекен, жатқан жер жәннат болсын.
*Ата сізден кейін ұран қалды,
Алға деп алғалатқан балаң қалды.
Алды жүр, артқа қарайлама деген сөзің,
Жаңғырық боп жадымда мәңгі қалды.
*Бір ғасырлық тарихыңыз есте қалар,
Төртуылдың шежіресін жылдар жалғар.
Атаң сенің өр тұлғалы бейнеңді,
Бақанай ата жас кезіңді еске салар.
*Ата менен сұраса тегің кім деп?
Айқайлаймын Әзездің ұлымын деп.
Айналайын, құлыным деген сөзің,
Құлағыма ілеседі әуен-мен кеп.

Немереңіз: Әзезов Талант Ержанұлы
Әзез атаға арнау
*Кеттің-ау, ата артқа қарамай,
«Алға!» дегеніңді артқа тастамай.
Ұрпағың қалды-ау артында,
Есімінді естен шығармай.
*Жиенің Ролан жыр арнайды,
Ұранынды әрмен қарай жалғайды.
Елге сыйлы тұлға болыпсын Ата,
Мыңдаған адам рухыңа қол жайды.
*Жиен деп мені бөлмедініз,
Қабағыңызды түймедініз,
Туған атамды жоқтатпай,
Қамқор ата бола білдініз.
*Тарбағатай, Маңырақ,
Бейненіз тұрар жарқырап.
Аңыз адам едініз,
Алып тұлға өзіңіз.
Жүзінен күлкі кетпейтін,
Жайдары жан едініз.
Әр батанын соңында,
«Мені сыйласаң, Алла сені сыйласын» дейтінсіз.
«Алға!»- деп артқа қарамай,
Өнегелі өмір сүрдіңіз!

Ерлан Ролан Ерланұлы,
Алматы облысы, Іле ауданы





