Астанада оқушы футбол қақпасының астында қалып көз жұмды

7 тамызда Астанадағы мектеп ауласында 10 жастағы оқушының үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, алған жарақаттан бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға №10 мектептің алаңында болған. Басқармадағылар оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
«Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.
Сурет: kaztag.info