Ата Заң – ел тірегі, қоғам тұтастығының кепілі!

«2025 жылы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл!», деп жазды Бас редакторлар клубының Президенті, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай әлеуметтік парақшасында.

30 жыл ішінде Ата Заңымыз – мемлекеттілігіміздің негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы басты құжат ретінде өз рөлін берік атқарып келеді.

Бұл мерейлі дата – тек заңгерлер үшін емес, барша қоғам үшін маңызды белес. Ал БАҚ осы жолда көпір іспетті:

Конституциялық реформалар мен нормаларды түсіндіреді,

Азаматтардың құқықтық сауатын арттырады,

Қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады.

Бүгін Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бұл – Ата Заңды дәріптеу мен құқықтық мәдениетті көтерудегі БАҚ-тың рөлін арттыруға арналған нақты іс-шаралар бастауы.

Конституция – әр азаматтың құқығы мен қадір-қасиетінің кепілі. Оны білу – парыз, қорғау – құрмет, сақтау – міндет.

Bibigul Zhexenbay,

«Бас редакторлар клубының»  Прзидентінің

facebook парақшасынан алынды.