Ата Заң — еліміздің мызғымас берік тұғыры

Түлкібас ауданының Тастұмсық ауылдық кітапханасы мен «Нұр-бала» бөбекжай — бақшасы ЖШС-і ұжымымен қастерлі Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Елім менің — абыройым, асқарым!» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндерге Ата заң туралы айта келе Қазақстанның әр азаматы — кішкентай ес біле бастаған сәбиден бастап, еңкейген қария дейін Ата Заңмен қорғалатынын айттым. Биыл 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған  Қазақстан Конституциясына 30 тамызда  30 жыл толады. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады. Конституция, Ата Заң (латынның латынша  constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылатыынын  ұл-қыздарымызға балабақшадан айтып, санасына сіңіруіміз азаматтық міндеттеріміздің бірі. Бүгінде барлық ауылдық елді мекендерде балабақша жұмыс істейді. Бүлдіршіндердің мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз етілуі, оларды заман ағымына лайық тәрбиеленуі, бала қауіпсіздігінің қорғалуы – Ата заңмен қорғалатынын айтып өттім.

Конституциямыздың бірінші бабы, бірінші тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Біз демократиялық құндылықтарды алға тартып өмір сүретін, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекетіміздің негізі болып қаланған елде тұрамыз.

Тәрбие сағатына бөбекжай-бақшаның  «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері қатысты. Кітапханашы «Біздің Отан» атты Мұзафар Әлімбаевтың әңгімесін оқып беріп,  тәрбиеленушілермен сұқбат жүргізді.

Тәрбиеленуші бүлдіршіндер Мирталибов Мирекуб «Отаным», Байрамов Орхан «Ата заңым – айбарым»,  Мустафаева Айша «Менің елім» атты тақпақтарды жатқа айтып берді.

Тәрбиеші Кочкарова Мавлуда Камаловна «Менің елім — менің қорғаным» деген тақырыпта ойын жүргізіп, балалардың санасына ел рәміздері, конституция туралы маңызды ақпараттар берді. Тәрбие сағаты соңында  «Отанды сүй, жас ұрпақ»  тақырыбында бүлдіршіндерге арналған суретті кітаптар бүлдіршіндер назарына  ұсынылды. Ата заң туралы айтып, онда қадап тұрып айтылған Мемлекеттік тіл, Отан қорғау, еңбек ету, адал адам болу қағидаттарын отбасындағы ұл-қыздарының жасына лайық айтып отыру – балабқша тәрбиешілері ғана емес, ата-ананың да міндеті екенін ұмытпаған орынды.

Бүлдіршіндер жүрегіне Мемлекеттік рәміздер, Конституция – Ата заң, Отан, туған ел туралы мағлұматтар орнықты деп білемін.

                                      ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

 Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты

Сурет:https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zher/press/news