«Ауған — жүректерді сыздатқан ерлік жыры»

Тастұмсық ауылдық кітапхана қызметкерлері және Аманкелді атындағы негізгі орта мектебінің 6 және 9 — сынып оқушыларының қатысуымен 14 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан Респубикасынан шығарылған күніне арналған «Ауған – жүректерді сыздатқан ерлік жыры» атты тарихи сағат болып өтті. Іс-шараға ауған даласында от кешкен өр болмысты батырлар – К. Культаев, Ж. Жолдасов, П. Серікбаев, Ә.Талдыбеков сынды ардагер ағаларымыз, Түлкібас аудандық аналар кеңесінің мүшелері, ауыл биі, Тастұмсық ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы арнайы қатысты.
Тарихи сағат барысында, ардагер ағаларымыз отаншылдық рухтағы өз естеліктерімен бөлісіп, сұрапыл соғыстың зардабы
мен бейбітшіліктің басты құндылық екеніне кеңінен тоқталды. Ардагер Ж.Жолдасов:
—Бейбітшіліктің бағасы — жас ұрпақтың өмірді әрі отанды сүюі. Саулығын сақтап өмір сүрсе, тыныштықтың қай кезде де қымбат ұқса — біздің еңбегіміздің еш кетпегені он жыл от кешкен батырларға көрсетілген құрмет!- деп өз толғанысын жеткізді.
Мектеп директоры А.Сембаев:—Ауған даласында от кешкен ағаларымыз — елдіктің жарқын үлгісі. Ендігі келер жас ұрпақтың отанын сүйіп, ерлікке басын иіп, батырлардың ізін жалғары анық. Бүгінгі тарихи сағат — отан үшін от кешкен батырлар ұмытылмайды. Жалпы, отанын сүйген ерлер тарихта еш ұмытылмайды!» деп ауған соғысының әскердегі сарбаздарға әкелген зардабына тоқтала, бейбітшілік үшін данын пида еткен
жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ал, бүгін ауылымыздың әр азаматы – жасы кіші үлкені де арамызда жүрген азаматтарымызға бас иіп, құрметтейтінін айтып, жиналған көпшілікке жүрекжарды өз алғысын айтты. Өз кезегінде жас оқырмандар жаужүрек батырларға арнап «Ауғанда туған жырлар» атты ерлікке тұнған монологтар циклын оқып, отаншылдық рухтағы «Батырлар», «Атамекен» атты әндерді шырқап берді.
Тастұмсық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Тулемисов «Бұл тарихи сағат — дәстүрлі түрде ауған даласында қыршынынан қиылған Есентаев Қалдыбектей азаматтың ерлігін ұлықтау мақсатында мектеп пен руханият қызметкерлерінің бастамасымен жылма — жыл өтуде. Өйткені, батыр туған топырақ – Аманкелді ауылы. Аз ғана ғұмырында артына үлкен ерлікпен аңыз қалдырған отаншыл ұланымызды еске аламыз. Өйткені, батырлық — тарих боп жастар санасына жаттала беруі керек » — деп атап атап өтті.
Ардагерлер А . Талдыбеков пен П. Серікбаев сөз сөйлеп, жас ұрпақты отан алдындағы борышты өтеуге барлық кезде әзір болып, отаншылдық сезімді күшейту үшін барынша тарихты оқуға шақырды.
Іс-шара барысында, білім мекемесінің тіл маманы Г. Сұлубекова, «Отан үшін от кешкен», білім мекеме директорының оқу ісі меңгерушісі М. Ерғали «Тарих және тағылым», білім мекеме директорының тәрбие ісі меңгерушісі Э. Ешенкулова
«Ауған ақиқаты және тарихи деректер», тәлімгер А.Тилесова «Отаншыл ұрпақ алдындағы міндеттер және тарихи сана» тақырыптарында баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды.
Белгілі ауған қасіреті туралы жазған драматург Ж. Күмісбектің Ауған ардагері» атты драмалық шығармасынан үзіндіні И. Байдилда мен А. Пернебек жатқа оқыды. Іс- шара соңында кітапханашылар «Елдіктің өшпес рухы » атты кітап көрмесін таныстырды.
ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,
Түлкібас аудандық орталықтандырылға кітапханалар жүйесі
Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,
Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.
Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің
«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты





