«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!»

Қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі – дұрыс тамақтану мен денсаулықты сақтау. Себебі көптеген адамдар қарапайым тағам арқылы өз денсаулықтарына зиян келтіріп жатыр. Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі. Қазіргі кезде фастфуд пен газдалған сусындарға деген әуестік артып келеді. Мұндай тағамдар ағзаға айтарлықтай зиян келтіріп, артық салмаққа, жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабеті  сияқты дерттерге себеп болуы мүмкін. Ал көкөніс, жеміс-жидек және дәруменге бай тағамдар иммунитетті күшейтіп, ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.Сонымен қатар, спорт – денсаулық кепілі. Қозғалыс – өмір. Тұрақты түрде дене жаттығуларымен айналысу адамның көңіл-күйін жақсартып, стресс пен шаршауды азайтады. Спортпен шұғылданатын адамдардың еңбекке қабілеттілігі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде қоғамның дамуына да оң әсер етеді.

Денсаулық сақтау – тек дәрігерлер мен мемлекетке жүктелетін міндет емес. Бұл –әрбір адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ұстаным. Салауатты өмір салтын насихаттау мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру – болашақ ұрпақтың дені сау, ойы сергек болуына жол ашады.Денсаулық

сақтау жүйесінің сапасы да қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі болып табылады. Адамдар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жыл сайын профилактикалық тексеруден өтіп тұрғаны жөн. Бұл аурудың алдын алуға, оны ерте кезеңде анықтауға және тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан да халыққа сапалы медициналық қызметті қолжетімді болуы – қоғамдық денсаулықтың нығаюына септігін тигізеді. Денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану. Сондықтан,тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс, тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға,ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына,жұмыс қабілетінің жоғарлауына және ағзаның қоршаған  ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Адам баласы жас кезінең өз-өзін күтініп,денсаулығына көп көңіл бөлетін болса  ол келешекте өзінің өмір сүруіне жақсы ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Себебі,қазіргі таңда денсаулықтарын мен мәселе болып жүрген адамдар қаншама ол осы өздерінің денсаулығына көңіл бөлмеуінең және  дұрыс тамақтанбағаннаң туындады деп ойлаймын.Осы арқылы

менің айтқым келетіні ең басты байлық ол-денсаулық,ол көп көңілді талап етеді,себебі ол сіз үшін жұмыс жасайды ал оны адамдар керек емес заттар мен және дұрыс күтінбегеннең денсаулық сыр береді.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы,ағза дене жүктемесінде ғана емес тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі.

Қорытындылай келе, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу және денсаулық сақтау – салауатты өмір салтының үш тірегі. Адам өз денсаулығына өзі жауапты екенін түсінгенде ғана нағыз  дені сау қоғам қалыптасады. Бұл тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың дамуына әсер ететін маңызды фактор және де адам өз денсаулығына қалай қараса денсаулығы да  адамға тура солай қарайды ең басты байлық-денсаулық деп атам қазақ бекер айтпады деп ойлаймын.

СҮНДЕТҚАЛИ  Инабат

                                                                      Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

№42 «Ақ ниeт» гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы.

Жетекшісі:СИСЕКЕШЕВА  АйгеримМергалиевна,

таpих жәнe құқық пәндepінің мұғалімі.

Педагог-модератор. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Сурет:https://images.app.goo.gl