Қазақ анимациялық мультфильмі арқылы бала өз әлемін тапса дейміз

                         Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамы «Қазақанимация» ЖШС көркемдік жетекшісі Өтепбергенов  Серікбол  Ментайұлымен сұхбат

—Серикбол аға, аниматор қандай адам болуы керек?

—Аниматор болып, балаларға арналған мультфильм түсіру үшін бала болып қиялдай білуі керек. Жандүниесімен бала әлеміне сүңгіп барып, баланың көңілінен шығатын, баланы тәрбиелейтін, оның жүрегіне мейірімділік шапағатын себе алатын мультфильм жасап шығаратын адам – аниматор бола алады.  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі таныс па, сендерге? Иә, бұл мультфильмі көрмейтін бала кемде-кем. Сол еліміздегі тұңғыш анимациялық мультфильмнің атасы деп, Әмен Қайдар аталарыңа арналған арнайы студия қабырғасының  жанында жанында суретке түстік.

Айталық, сендердей балаларды айтпағанда, ата-аналар да ұл-қыздарымен Уолт Дисней мультфильмдерін үзбей көреді.  Әлемдегі бүкіл балалар жақсы көретін «Walt Disney Company» студиясы Микки Маус, Қоян Освальд, Дональд көп сериялы мультфильмдерді білесіңдер ме? «Үйректер оқиғасы» («Утиные истории», «Бэмби» («Бэмби»), «София ханшайым» («София прекрасная»), басқа да көптеген балалардың сүйікті мультфильмдеріңнің авторы — Уолт Дисней атақты америкалық суретші-мультипликатор, аты әлемге танылған режиссер, актер, сценарист әрі продюсер, толық метражды мультфильмдердің толық сериясын жасаушы. 200-ден астам персонаждың атасы.

—Мультфильм шығару идеясы қалай пайда болды? Бала күнгі арманыңыз ба еді?

—Шығармашылық адамы үшін ең алдымен идея келеді. Оны әбден пісіріп-жетілдіру қажет. Содан кейін ойыңмен әріптестеріңмен бөлісесің. Мысалы, анимациялық мультфильм шығару – ұжымдық жұмыс. Идеяны талқылап, әр маман өзінің пікірін айтқан соң идеяны жүзеге асыру басталады. Идея болмаса, ешнәрсе алға жылжымайды.  Талқылау барысында сценарий жазылады. Мультфильм кейіпкерлерін сөйлететін актер жұмыс істейді. Ой мен идеяның жемісі – өздерің экран, әлеуметтік каналдар арқылы көріп жүрген мультфильмдерің көрерменге көрсетіледі.

—Көркем фильм түсірген оңай ма, әлде мультфильм дайындап шығару ма?

—Жұмыстың оңайы болмайды. Киноның  да, анименің өз жауапкершіліктері, орындалатын талаптары болады. Адам мақсатына жету үшін көп еңбектенуі керек. Міне, сендер де еңбектеніп, ұстаздарыңның жетекшілігімен ғылыми жоба жұмысымен айналысудасыңдар. Яғни, еңбектеніп жатырсыңдар. Еліміздегі «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамы — көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильмдер шығаратын Қазақстанның ең ірі киностудиясында орналасқан   «Қазақанимация» ЖШС  кеңсесінде анименің қалай жасалатынымен танысып отырсыңдарКинода режиссер де, ролді ойнайтын актерлерде түсіретін киноның тақырыбына қарай табиғат аясында, кеңселерде, жолда жүреді. Олар тек сол кейіпкердің ролін ғана алып шығады. Ал, мультфильм өздерің көріп отырғандай кеңседе жасалады. Уақытта  шектеу жоқ,  ой, қиял еркіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі мол.

Шығармашылық қабілетіңді, бар идеяңды қысқа ғана уақытқа сыйғыза аласың. Бұл – жоғарыда айтқанымдай уақытпен санаспайтын еңбек. Нәтижесін балалар көріп, әсер алып, жақсы мен жамандықты ажыратып, танымдық пайымын, жан-жақты ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

—Режиссер мамандығын алу үшін қандай  ЖОО тәмамдау қажет?

—Елімізде режиссер дайындайтын бірқатар ЖОО бар. Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер Академиясы, «Тұран» университеті, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), Астанада «Шабыт» университеттерінде режиссер мамандығы оқытылады.

—Мультфильмді балалар әлеуметтік желі арқылы көргені дұрыс па?

—Қазір біз цифрлық  технологияларды кеңінен пайдаланудамыз. Адамдар біртіндеп цифрлық сауаттылыққа үйреніп келеді, оның ішінде балалар да бар. Сол себепті, арнайы әлеуметтік желілер арқылы анимациялық мультфильмдерді көруге болады. Тек балалар үшін шектеулі уақыттан аспауы қажет.

—Сіз көрген мультфильм мен бүгінгі мульфильмнің айырмашылықтары бар ма, атап өтсеңіз.

Бүгінгі анимациялық мультфильмдер жаңа технологиялардың жемісі. Өздерің келіп көріп отырғандай, осындай студияға мультфильмдер жасап шығаратын мамандар жиналады. Ой, идеямыз сценарий негізінде компьютер  3D формат арқылы орындалатынын өз қолдарыңмен  әліппесін жасап көрдіңдер. Анимациялық мультфильмдер бала көңілінен шығу үшін оларға ұлттық тәрбие беретін тағлымды етіп шығау үшін замана талабына орай джасанды интеллеккт ЖИ  көмегіне жүгінеміз. Бұрын 2D форматта мультфильм кейіпкерлерінің суреті қолмен салынатын, сонымен бірге қуыршақтар пайдаланылатын.

—Балалық шақта кино түсіруге әуес болдыңыз ба?

—Әр баланың арманы болады. Менің де арманым кино режиссері болу еді. Сол арманым орындалып, режиссерлік мамандық алдым. Кино режиссері ретінде шығармашылық адамымын. Идеяларымды орындаудың сәті туды деп білемін. Адам бала кезде күнгі арманын жүзеге асыра білуге талпынуы керек. Ол үшін ерінбей, еңбектену қажет.

—Әңгімеңізге рақмет!

—Ата-аналарыңа, ұстаздарыңа, ең алдымен сендерге рақмет! Еңбектерің еселенсін!

Сұхбаттасқан:

ОРАЗБЕК  Айым, ЖҰМАБАЙ Темір,

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№156 ЖББ мектептің 3 – сынып оқушылары

Бастауыш сынып мұғалімі: Саржанова Назгуль Даулетханқызы