«Қазақ аруы – 2025»

«Қазақ аруы» — 2011 жылдан бері халық назарында жүрген танымал шоу. Байқаудың мақсаты — ХХІ ғасырдағы әдемі, талантты әрі өнегелі қазақ қызының бейнесін қалыптастыру. Бұл байқау халық дауысы арқылы өтеді, яғни әр жыл сайын дауыс беру нәтижесіне байланысты «Қазақ аруы» анықталады.
2025 жылғы «Қазақ аруы» байқауы 2024 жылғы сайыспен салыстырғанда бір саты төмен тұрғанымен, оның да өз ерекшеліктері мен тамсандырар қатысушылары көп болды. 2025 жылғы сайыс 13 қараша күні өтті, ал оған дайындық пен сайыскерлерді таңдау жұмыстары жаз айларынан басталған. «Қазақ аруы — 2025» байқауына 20 қыз қатысып, бақ сынады.
Олардың ішінде ең көзге түскендері: Өскемен қаласынан — Диана Қырым, Алматы қаласынан — Айдана Санат, Жезқазған қаласынан — Данира Айдынқызы және Талдықорған қаласынан — Дәрия Қуатжан. Бұл қыздардың барлығы өздерінің әр салада дамығанын, ерекше қасиеттерін және, әрине, не үшін «Қазақ аруы» атануға лайық екенін көрсете отырып, халық дауысын жинады.
Сайыс нәтижесінде Талдықорған қаласының тумасы — Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды. Оның еңбегі мен көрінісі көрермендерді тамсандырып, халық жүрегінен орын алды.
Қорытындылай келе, «Қазақ аруы — 2025» байқауы дәстүрлі түрде қазақ қызының сұлулығын ғана емес, оның білімін, мәдениетін, парасаттылығын һәм ұлттық болмысын дәріптейтін маңызды жоба екенін тағы бір дәлелдеді. Қатысушылардың әрқайсысы өз деңгейінде жарқырап, қазақ қызының көпқырлы бейнесін көрсете білді. Ал жеңімпаз атанған Дәрия Қуатжан — қазіргі замандағы ұлттық тәрбиені, талғамды және жан-жақты дамуды үйлестіре білген нағыз қазақ аруының көрінісі.
ЖАҚСЫБАЙ Перизат,
Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің 11 «Ә» сынып оқушысы.
Алматы қаласы, Медеу ауданы.
Жетекшісі: Айгерім ЕСІМХАН





