Қазақстан – бірлік пен бейбітшілік мекені!
«Тәуелсіздік – бақытым да, барым да,
Жыр жазамын, жырлаймын ол жайында.
Жаратқаннан тілеймін, тәу етіп –
Қазағымды еркіндіктен айырма!»
Темір Мыңжас
Тәуелсіздік – біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемен ел атанды. Бұл күн – халқымыздың арманы орындалған ерекше күн. Тәуелсіздік бізге онай келген жоқ, ата – бабаларымыз елін қорғап, жерін сақтау үшін талай ерлік көрсетті. Олар бізге бейбіт өмір мен кең байтақ жерді аманат етіп қалдырды. Әрбір азамат елінің тәуелсіздігін қадірлеп, өз бойында ұлттық рухты ұлықтауы тиіс.
Бүгінде Қазақстан – Бірлік пен бейбітшіліктің мекені. Әлем алдында татулықтың, достықтың, үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Біз – бір шаңырақ астында көптеген ұлт пен ұлысты біріктірген ұлы елміз. Бұл – ата – бабаларымыздың асқан ерлігі мен рухани мұрасының жемісі. Бұл күнге жету үшін халқымыз талай зұлматты, аштықты, соғысты және бодандықты бастан өткерді. Бабаларымыздың қайтпас қайсар рухы мен азаттыққа деген шексіз ұмтылысы бізге бейбіт өмір сыйлады.
Мен тәуелсіз елдің азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Бұл маған тек құқық қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрбіріміз өзімізді рухани бай, білімді, намысты азамат ретінде тәрбиелей білсек, еліміздің болашағы да жарқын болады деп сенемін. Біз тәуелсіз елдің ұрпақтары осы тәуелсіздігімізді сақтап қана қоймай, оны дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Бұл – біздің бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы міндетіміз.Тәуелсіздік – ұлттың рухы, жүрегі, намысы. Оны сақтау – әр қазақтың қасиеті борышы.
СҮНДЕТҚАЛИ Инабат,
10 «А» сынып оқушысы.
Жетекшісі: СИСЕКЕШЕВА А.М.
№42 «Ақ ниeт» гимназиясының
таpих жәнe құқық пәндepінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Сурет:Aimaq09.kz