«Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттерін сақтау»
АӘД пәнінен 11-сыныпқа арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: №2
Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі
Күні:
Сынып:11а
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттерін сақтау
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Әскери есепке алу, әскери қызметке даярлау, әскери қызметке кірісу. Әскери қызмет (баламалы, келісімшарт бойынша), запаста болу туралы түсінік беру.
Сабақтың мақсаты:
11.1.2.Әскери есепке алу тәртібімен танысу. Азаматтарды әскери қызметке дайындау ерекшеліктерін білу. Әскери қызметке кірісу тәртібін зерделеу. Келісімшарт бойынша әскери қызметтің ерекшеліктерімен және запаста болу түсінігімен танысу.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/Уақыты:
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту — 7 мин
Педагогтің әрекеті:
Ұйымдастыру сәті:
Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушының әрекеті:
Взвод командирі шығып рапорт береді
Бағалау:
Жарайсың!
Ресурстар:
АӘ және ТД оқулығы
Сабақтың ортасы 30 мин.
Бейнеслайд арқылы тақырыппен танысу: АӘ ж/еТД оқулығының 8-13 беттерді оқу ҚР Конституциялық негіздерін, мемлекеттің қорғаныс мәселелерін реттейтін еліміздің заңдарын білу; Өз мемлекетін қорғаудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну; ҚРҚК-і қатарына қызметке тұруға дайындық барысында алған білімдерін қолдану
Сабақ басында мұғалім Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің құрылымын түсіндіріп өтеді. Сонымен қатар аталған тақырыптың маңыздылығын айтады.
Әскери есепке алу — азаматтардың әскери міндеттілігінің құрамдас бөлігі болып табылатын, әскерге шақырушылар, әскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық, сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі.
Оқушыларға азаматтарды әскери қызметке даярлауды түсіндіріп өткен дұрыс.
Сабақ барысында тақырыпқа сай видеоролик көрсетілсе, мақсатқа сай болады. Бұл сабақты оқу фильмдері немесе бейнематериалдарды қолдану арқылы әңгіме, сұхбат түрінде жүргізуге болады.
Тақырыптың екінші бөліміне өтпестен бұрын, бірінші қарастырылған тақырыптан оқушыларға сұрақтар қойылады:
Оқушыларды еліміздегі әскери мамандандырылған лицей және әскери оқу орындарымен таныстырып өткен дұрыс болады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мәнін оқушыларға ашып айту. Мұғалім оқушыларға қандай себептерге байланысты әскери қызметін кейінге қалдыратыны туралы айтады. Сонымен қатар бейбіт уақытта қандай азаматтар әскери қызметтен босатылатынын айтады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасы әскери есепте тұрған, әскери қызмет өткерген немесе әртүрлі себептер бойынша одан босатылған, бірақ соғыс уақытында қызметке жарамды азаматтардан тұрады. Мұғалім «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес запастағы әскери қызметшілердің міндеттерін түсіндіреді.
Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасына жеткен барлық ер азаматтары, сондай — ақ әскери міндеттілері тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұруға міндетті екенін оқушыларға жеткізу керек. Екінші бөлімнен кейінде оқушыларға сұрақ қойған дұрыс болады.
Оқушының әрекеті:
Оқушылар жаңа тақырыппен танысады, жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.
Кестені толтыру.
Бағалау:
Әскери смайликтермен бағалау.
Өте жақсы, жақсы, орташа
Ресурстар:
АӘ және ТД оқулығы
Бейнефильм
Әскери смайликтермен бағалау.
Ресурстар:
Инт тақта, дәптер, қаламсап,
Плакат,маркер, постер, түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың соңы:
Ой толғаныс. Рефлексия — 8 мин.
Оқушылар бір — бірін бағалайды. Жұп — жұп болып бір — біріне сұрақ қою арқылы 3 баллдық шкаламен бағалайды.
Оқушының әрекеті:
Үй тапсырмасы: № 2. 8- 14- бет
Дәптерлеріне үй жұмыстарын жазып алады. Келесі сабаққа дайындалып келеді.
Педагогтің аты: КЕКЛОВ Телтай Мухаметалиұлы