Қазақстандағы жастар саясаты

Қазақстан – болашаққа бағытталған ел, оның басты басымдықтарының бірі – жастар саясатын дамыту. Елдің дамуы мен тұрақтылығы жастардың әлеуетін тиімді пайдалануына тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанда жастардың дамуына, білім алуына, еңбек етуіне және баспана алуына арналған арнайы бағдарламалар мен қолдау шаралары қарастырылған. Бұл шаралар жастардың жан-жақты дамуы үшін қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жастар заманауи технологияларды жылдам меңгеріп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға бейім. Олар стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту арқылы экономиканың жаңа секторларын қалыптастырады.

Мысалы, IT, жасыл технологиялар, цифрландыру салаларында жастардың рөлі ерекше. Қазір жастарға үлкен сенім артуда, олар қоғамның прогрессивті бөлігі, елдің болашағы және жаңашылдық пен өзгерістердің қозғаушы күші. Қазақстанда жастарға артып отырған сенім олардың ел дамуындағы рөлін айқындаумен, білім, кәсіпкерлік, ғылым, технология және мәдениет сияқты әртүрлі салаларда белсенділік танытуына жағдай жасаумен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда жастар мемлекеттік қызметке, саясатқа және бизнеске белсенді түрде тартыла бастады. Олардың жаңа көзқарастары мен идеялары елді басқаруда және реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Еліміздің дамуы үшін жастар саясатының маңызды. Статистика мәліметтері бойынша, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар Қазақстан халқының шамамен 25 пайыз құрайды. Бұл дегеніміз, елдің болашағы жастарға байланысты: оның инновациялық әлеуеті, әлеуметтік тұрақтылық деңгейі, мәдени дамуы мен еңбек ресурстары. Осыны ескере отырып, Қазақстанның жастар саясаты жастардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, олардың бастамаларын қолдауға, сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталады.

Елімізде жастарды қолдауға арналған бірнеше стратегиялық бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде ерекше атап өтуге болатындары: 1. “Жастар практикасы” – жаңа оқу орнын бітірген жас мамандардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін бағдарлама. Бұл бастама жас мамандарға тұрақты жұмыс табуға ықпал етеді. 2. “Дипломмен – ауылға” – ауылдық жерлерде жұмыс істеуге дайын жас мамандарды қолдау. Бағдарлама аясында жас мамандарға көтерме ақы, тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие және басқа да әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. 3. “Еңбек” бағдарламасы – жастарды кәсіпкерлікке үйрету, жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтуға көмектесу. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған бағдарламалардың әрқайсысы олардың дамуына, кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жаңадан оқу орнын бітірген, бірақ тәжірибесі жоқ жас мамандарды қолдауға бағытталған. Олардың біздің жас мамандардың жұмысқа орналасу ықтималдығын арттырады, сонымен қатар кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, бұл олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тек қала жастарына емес, ауылдық жерлердеде тұратын жастарымызға көптеген бағдарламар ашылуда. Бұл бағдарлама ауылдық жерлерде маман тапшылығын жоюға және жастарды ауылға тартуға бағытталған. Сол үшінде жас мамандарға тұрақты жұмыс орнын ұсынады, көтерме ақы беру және тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беру арқылы әлеуметтік жағдайларын жақсартады.

Ауылдық өңірлерде білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардың дамуына ықпал етеді.Баспана мәселесі және “Отбасы банк” арқылы қолдау.Жастардың баспана мәселесін шешу – басты міндеттердің бірі. Қазақстанда жастардың баспана мәселесін шешу – елдің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі. Жастардың өз баспанасына ие болуы олардың өмір сапасын жақсартып, отбасын құруға, кәсіби және жеке дамуына ықпал етеді. Осы орайда мемлекет “Отбасы банк” және басқа да тұрғын үй бағдарламалары арқылы жастарға тиімді қолдау көрсетуде. “Отбасы банк” – Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін басқаратын басты ұйым. Банк жастарға жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері зор. Соның бірнешелері Төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека (5%- дан 10%-ға дейін), ұзақ мерзімді несие беру (20 жылға дейін), алдын ала тұрғын үй жинақтарын жинақтау мүмкіндігі арқылы арзан баспанаға қол жеткізу. Мемлекет баспанасыз жастардың тұрғын үйге қол жеткізуін оңтайландыру мақсатында қаржылық жәрдемақы және жеңілдетілген несие бағдарламаларын іске асыруда. Өз баспанасына ие болған жастардың қаржылық жағдайы тұрақталып, ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік алады. Бұл елдегі экономикалық дамуға оң ықпал етеді. Баспана мәселесі шешілген жастар отбасын құруға бейім болады, бұл халықтың демографиялық өсіміне де ықпал етеді.

Жастардың баспаналы болуы олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, қоғамдағы тұрақтылық пен сенімділіктің артуына ықпал етеді. “Отбасы банк” және жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары – жастардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам. Бұл бағдарламалар жастардың баспаналы болып, өз болашағын сенімді түрде жоспарлауына мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, Қазақстанның тұрақты даму стратегиясына да үлкен үлес қосады.

Қазақстанда жастардың сапалы білім алуына және әлемдік стандарттарға сай білімді маман болып қалыптасуына ерекше назар аударылады. Мемлекет білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіріп, жастардың ел ішінде және шетелде оқып, дамуына жағдай жасап отыр. Елімізде білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай дамып келеді. Елдегі университеттер жаңа технологияларды қолдану, цифрландыру және академиялық мобильділік бағытында үлкен жетістіктерге жетуде. Сондықтан жоғарғы білімнің арқасында ммемлекеттік білім беру гранттары арқылы жастар тегін білім алу мүмкіндігіне ие, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен ауыл жастарына арнайы гранттар қарастырылған. Осылайша жақсы білім алып, шетелде оқуға мүмкіндіктері аса зор деп айтуға болады. Сол себептен “Болашақ” халықаралық стипендиясы қарастырылған. 1993 жылы бастау алған “Болашақ” бағдарламасы Қазақстан жастарына әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді. Әлемдегі озық 200 университеттің бірінде тегін білім алу мүмкіндігі, магистратура, докторантура және тағылымдамадан өтуге арналған бағыттар. Бағдарлама барлық оқу шығындарын, соның ішінде жол, тұру және оқу материалдарына кететін қаржыны қамтиды. Ал нәтижелері жастарға қызығушылық танытады. Бағдарлама аясында 13 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алып, елге оралған соң әртүрлі салаларда қызмет етуде. “Болашақ” түлектері білім, медицина, инженерия және IT салаларында жоғары білікті мамандар ретінде танымал. Қазақстан жастарына әлемдік деңгейдегі білім беру мақсатында Еуропа және Азия елдерімен әріптестік қарқынды түрде дамып келеді. Бұл бағдарламалар студенттерге халықаралық деңгейде білім алып, тәжірибе жинақтауға, өз саласында кәсіби жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Әріптестік бағдарламалардың бірі “Эразмус+” бағдарламасы. “Эразмус+” – Еуропалық Одақтың білім беру, жастар және спорт салаларын қолдайтын ең ірі бағдарламаларының бірі. Бұл бағдарлама Қазақстан студенттеріне Еуропаның жетекші университеттерінде білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Ал артықшылықтары Қазақстандық студенттер Еуропа университеттерінде бір немесе бірнеше семестр білім ала алады. Оқу, тағылымдама, ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе жинақтау бағыттары қамтылады. Бағдарлама студенттердің мәдени білімін кеңейтіп, олардың Еуропа елдерінің дәстүрлері мен тәжірибелерін үйренуіне мүмкіндік береді. “Эразмус+” бағдарламасы аясында Қазақстанның мыңдаған студенті Еуропа университеттерінде білім алып, өз салаларында білікті маманға айналды. Еуропа университеттерінен алған білімдері арқылы олар отандық ғылым мен экономиканың дамуына үлес қосып отыр. Еуропа мен Азия елдерімен жасалған білім беру ынтымақтастығы – қазақстандық жастарға халықаралық деңгейде білім алуға, өз саласында озық маман болуға мүмкіндік беретін үлкен қадам. Бұл бағдарламалар жастарды жан-жақты дамытып, олардың еліміздің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосуына жол ашады. Қазақстандық студенттердің шетелде алған білімдері мен тәжірибелері болашақта елді жаһандық аренада беделді мемлекетке айналдыруға септігін тигізеді.

Қорытындылай келсек, елімізде жастарға арналған мүмкіндіктер мен бағдарламалар көп. Қазақстандағы жастар саясаты – елдің тұрақты дамуы мен болашағын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Үкіметтің жастарға бағытталған қолдау шаралары олардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, білім алу, кәсіби дамуға және қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасайды. Бұл саясат жастардың әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, шығармашылық және инновациялық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жастарға арналған бағдарламалар, әсіресе, “Жастар практикасы”, “Дипломмен – ауылға”, “Болашақ” халықаралық стипендиясы, “Отбасы банк” арқылы тұрғын үй беру және басқа бастамалар олардың өмірлік мақсатына қол жеткізуіне ықпал етеді. Бұл шаралар жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың тек өз болашағына ғана емес, ел дамуына қосар үлесін де күшейтеді. Еліміздің жарқын болашағы – білімді, мақсатты және жігерлі жастардың қолында.

Жастарға жасалған әрбір инвестиция еліміздің экономикасы мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз етеді. Олардың күшжігері мен табандылығы елді алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосуға септігін тигізері сөзсіз. Еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі білімді және белсенді ұрпақтың болуына байланысты екенін ұмытпаған жөн. Мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, жастар өздерін дамытып қана қоймай, Қазақстанды халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруға үлес қоса алады.

Еліміздің басты байлығы – жастар, сондықтан олардың дамуына жағдай жасау – ел болашағына салынған ең құнды инвестиция.

ТЕМІРХАН Арайлым,

 Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының

9 «Е» сынып оқушысы.

Батыс Қазақстан облысы.

https://abai.kz