Қазақ тілі — болашақтың тілі

Қазақ халқының тарихы бай әрі терең болса, болашағы да сондай болмақ… Қазақ тілі мәселесі — Қазақстандағы ірі мәселелердің бірі екені рас. Елімізде тіл жайлы даулар әлі де өзекті. Бірақ , бұл Қазақстандағы қалыптасқан анық «Қазақ тілінің дамуы» деп бұл тілді үйреніп жатқан адам санының артуына байланысты айтудамыз. Егер бірнеше жыл бұрын қазақ тілінде көбінесе қазақтар мен қазақстандықтар сөйлесе, қазір жағдай мүлдем өзгеше көрініс тапты. Себебі, қазақ тілің үйренуге тенденция бар және бұл тіпті сәнге де айналды. Ендеше, оған әсер еткен мәдени факторларға тоқталайық.
Біріншіден, қазақ көрерменіне арналған сапалы контент жасала бастады. Әсіресе, қазақ комедиясы бұл тұста үлкен еңбек атқарып жатқанын атап айту керек. Осыдан он жыл бұрын халық шетелдік киноларды таңдаса, қазір қазақ фильмдері өте жақсы сұранысқа ие. Мәселен, 74 отандық фильм 2023 жылы түсірілген. Бұл фильмдердің арасында сапалы , кейде сапасыз фильм болуы мүмкін. Десек те, нарық бар , яғни отандық фильмге сұраныс бар.
Екіншіден, қазақ музыкасы қазір заманға сай өзгеріске енді. Тек той әндері шығарылмай, әр түрлі жанрда әндер жарық көруде. Құлақтан кіріп, бойды алар әсем әндер халық жүрегіне жетіп, ел ауызында жүргені рас. Кей әндер әлемді тербеп те жатыр. Мысалы, Adam лақап атымен белгілі Фаррух Тохтамуратовтың «Жүрек» әні әлемге танылып, әр түрлі елден 4 миллион видео тик ток желісінде түсірілді. Ал, Д.Құдайбергенді тыңдайтын өзге ұлт өкілдері қазақ тілің ұйреніп, Абай атамыздың өлеңдерің де оқығанын көрдік. Бұл тілге деген махаббатты үнмен оятуға болатынының көрінісі.
Үшінші қазақ тілің дәріптеп жатқан алаң – әлеуметтік желілер. Тик ток, инстаграм желілерінде қазақ тілді блогерлер өте көп және олар көрерменге де әсер етеді. Бірақ, you tube арналарындағы түсіріліп жатқан контент әлдеқайда сапалы сияқты. Әр түрлі тақырып жайлы , қызықты форматта ақпарат тыңдау, пайдалы контент қазақ тілінде аз еді, қазір керісінше керемет подкасттар шығып жатыр. Бұл, ең бастысы, халықтың көзайымына айналып отыр.
Жалпы, осындай мәдени саладағы еңбектер тілдің дамуын қамтамасыз етіп жатыр. Қазақ тілі көп салаға еніп, тамырын терең жаюда. Не де болса, бұл халықтың, әсіресе жастардың сұранысына ие. Жастар болашақтың кірпіші болғандықтан, алда қазақ тілінің жолы жарық, ұзақ әрі кең боларына сенімдіміз. Қазақ тілі болшақтың тілі боларына еш күмәніміз жоқ.
БАРАТ Гаухар,
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
«10 ЖББМ» КММ 11 «А» сынып оқушысы.
кураторы: ЕСЕНҚАБЫЛ Ақбота Русланқызы
Дереккөзі: https://ru.sputnik.kz;
dimash-abay-challenge;
Сурет:https://tilalemi.kz/