Қазақтың тұңғыш ұлттық әртісі

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892 жылы Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 26 ақпан 1938 жылы Алматы дүниеден өткен) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).
1934 ж. ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды.