Қазіргі заманғы жалған және шынайы ақпарат

Қазіргі заманда ақпарат – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әрбір жаңалық, әлеуметтік желідегі пікір, кез келген деректер өмірімізге тікелей әсер етеді. Бірақ келеңсіз жағы – жалған ақпараттың таралу тездігі мен кеңдігі. Мысалы, 2019 жылы пандемия кезінде адамдар арасында вирусты емдеу үшін үй жағдайында жасалатын «құрамдар» туралы ақпараттар тарады. Мұндай жалған ақпараттар халықты адастыруға себеп болды.
Жалған ақпарат тез тарайды ма әлде шындыққа негізделген ақпарат па? Салыстырмалы түрде айтар болсақ, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тез таралатынын көпшілікке белгілі. Себебі ол көбіне эмоциялық әсерге негізделген. Мысалы, апокалипсис немесе таңқаларлық оқиғалар туралы жаңалықтар адамның назарын бірден аудартады. Статистика бойынша: 2016 жылы «MIT Media Lab» зерттеушілері жалған ақпараттың шынайы ақпаратқа қарағанда 6 есе тез таралатынын анықтады. 2018 жылы «Journal of Communication» журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар 70 пайызы жылдамдықпен таралса, ал шындыққа жанасқан шынайы ақпараттар небәрі 30 пайызы таралады екен. Осы бойынша жалған ақпараттың таралуы қоғамда адасуға, көпшіліктің пікірінің бұрмалануына, ақпараттық дағдарысқа алып келеді.
Шындыққа негізделген ақпараттың маңызы
Шындыққа негізделген ақпарат – қоғамның өркендеуіне тікелей әсер етеді. Әрбір ақпараттың обьективтілігі мен шынайылығын сақтау маңызды. Дәл осындай ақпараттар адамдар арасында дұрыс пікір қалыптастырып, сенім ұялатады. Осындай мәселелер бойынша көптеген ұйымдар жұмыс жасауда. Мысалы, 2020 жылы әлем бойынша ақпаратты тексеру үшін және шындыққа негізделген ақпаратты қорғауға бағытталған «First Draft» ұйымы жұмысын арттырды. Сонымен қатар, «World Economic Forum» 2021 жылы әлемдегі ең маңызды мәселелердің бірі ретінде жалған ақпаратпен күресуді атап өтті. Бұл ұйымдар қоғамда жалған ақпараттың таралуына жол бермей, шынайы ақпараттың таралу рөлін арттыра түседі. Яғни, жалған ақпаратпен күресу үшін арнайы ұйымдар, тіпті арнайы заңдар мен шаралар қолға алынды. Бұл өз кезегінде шындыққа тураланған ақпараттың сапасын, маңызын арттыруға септігін тигізеді.
Сөзімді қорытындылай келе, қазіргі қоғамда ақпараттың рөлі өте жоғары. Әлеуметтік желілердің қарқынды дамуының әсерінен жалған ақпарат тез таралады. Десе де әрбір адам ақпараттың рас не жалған екенін анықтап алуы қажет. Жалған ақпараттың тарауы қоғамға, адамға жағымсыз әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан ақпаратқа сын көзбен қарап, оның шындыққа негізделгенін және тексерілгенін білген жөн. Ол үшін арнайы ұйымдар мен сайттардың көмегіне жүгіну ең дұрыс шешім. Нәтижесінде жалған ақпараттың таралу деңгейі азаяды. Мақсат – жалған ақпараттың көпшілікке таралуына жол бермеу, шынайы ақпаратты насихаттау, қоғамды дұрыс бағытта бағыттау. Ақпаратты шындыққа негіздеу – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі.
САҒЫНДЫҚ Аяжан,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
«№8 Өтеген батыр» атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: КАСЕНОВА Айгул Жантугеловна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сурет:https://nege.kz/news