Бүгінгі таңдау-ертеңгі жетістік

Бүгін көптен күткен универлер көрмесі біздің мектеп шаңырағымызда өтті. Халық топырлап,әртүрлі универлерді көруде. Мектеп атмосферасы дереу қызығушылықпен толды.10-11 сыныпқа нағыз керек бағдарлама екенін мұғалімдер құтты бір біліп шақырғандай. Шамамен 10 шақты универлер өздерінің ішкі вайбын, жерін, бағдарламасын таныстырып шықты. Ең алдымен мәжіліс залына жоғары сынып оқушыларды жинап, бүгінгі көрмеге не кіреді, қай оқу орындары келді, мамандықты қалай дұрыс таңдау және қай оқу орнына түсу керек-осының барлығын айқындап берді.

Басты спикер ретінде бізге сөз сөйлеуге Қазақстанның нөмірі бірінші профориентологы, мотиватор ,коуч, Phd докторы-Омарбек Көшкімбайұлы «Оян, талапкер!»семинар-тренингімен лебіз білдірді. Бұл семинар-тренинг іщінде көптеген өзекті тақырыптар қозғалынды, мәселен:Шетел&Қазақстан ЖОО статистикасы, проблемалар/шешімдер, Ұбт жаңалықтары/грант түрлері, Z/Alpha ұрпағымен байланыс, ТОП мамандықтар/лайфхактар, тану. Ағайдың қорғаған тақырыбы өте қызықты және ауқымды болды, бәріміз ұйып тыңдадық.

Келесі кезекте мектепке келген жоғары оқу орындары өздерін оқушыларға таныстыруға көшті. Олардың ішінде 11 университет біздің мектепке табан тіреді:SDU,Narxoz, KBTU, UIB, Ablaikhan, MUIT, Kazgasa, ҚызПУ, KAU, DKU.

Менің назарыма SDU, UIB, MUIT, KAU сынды университеттер түсті, себебі журналистика мамандығы олардың білім беру бағдарламасына кірген еді. Сондықтан, өзіме маза болып жүрген сұрақтар қою арқылы, әр түрлі жауаптар алып, марқайып қалдым. Тек қана ақпаратты алып қана қоймай, түрлі сыйлақтарды да ұтып алдым.

Осылайша,  университеттер көрмесі оқушылар үшін жай ғана таныстырылым емес, болашаққа жасалған нақты қадам болды. Әр университет өз мүмкіндігін,білім беру сапасын, студенттік өмірдің ерекшеліктерін ашық көрсете білді.

Осындай пайдалы әрі мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылса, жас талапкерлердің болашағы әлдеқайда нық әрі сенімді болары сөзсіз.

МАРАТОВА Сабина,

Абай Ұлттық мектебінің  11- сынып оқушысы,

Республикалық «Farabi shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым сайтының Жас тілшісі.

                                       Жетекшісі:  Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы