Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мектебінің тарихы екі ғасырға жуықтады

Мұхтар МАҒАУИН,  жазушы:

«Қазақ елін ежелгі еркіндігінен айырып, отарлық тәртіп әкелген ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ең елеулі оқиға – Бөкей Ордасының құрылуы болды. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұ­рын­ғы Алтын Орданың, кейінгі ноғай-қа­зақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қо­ныстануға мүмкіндік алды. Атажұртқа ірге аударған жұрт Бөкей­ді хан сайлады. Ресей дәргейін­дегі, бірақ өзіндік басқару жүйесі бар жаңа ұлыс Ішкі немесе Бөкей ордасы деп аталды. Сөйтіп қатары­нан озып туған, көреген Бөкей хан кіріптар заманның өзінде Алаш ұлының өрісін кеңейтті. Еуропаның үлкен бір мемлекеті сыйып кетердей кең-байтақ, құйқалы қонысты біржола қайтарып алды».                         

(«Қазақ тарихының әліппесі» атты кітабынан). [1]

          Еліміз мектептерінің тарихын зерттедік. Бүгінде 7859 мектепте 3,9 миллион оқушы білім алады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы жылдары «Жайлы мектептер» салынып, шәкірттер білім алуда.

     «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам», — деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, осыдан екі жүз жылдай бұрын сахара даламыздың төсінде алғаш ашылған Жәңгірхан мектебі бар. Кейбір зерттеушілер Жәңгір мектебінен шыққан арыстардың арасынан Асан Тайманов бастаған жиырмадан астам академик шыққанын айтады. Бар қазақтың баласының басын қосып, білім беріп қанаттандырған мектептің тарихы мен бүгінгі тынысы  жайлы білмек ниетте Н.А.Шарафетдиновке хабарластық. Нысанбек Ахметкерейұлы Бөкейордасы ауданы, «Жәңгір хан атындағы» мектептің директоры.

Мектеп әкімшілігі ұсынған мәліметтермен таныса бастадық. Оқырманға алдымен Жәңгір хан хақында қысқаша баяндап өтейік.

                Жәңгір хан  — Бөкей ордасының соңғы ханы

Әбілқайырдың шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның баласы. Генерал-майор, Қазан университетінің құрметті мүшесі. Бөкей хан қайтыс болғаннын кейін орданы Шығай сұлтан уақытша, немере інісі Жәңгір ер жеткенше басқарады. Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алды, халықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренді. 1823 жылдан бастап билік хан тағының заңды мұрагері Жәңгірдің қолына көшеді. Ол басқарған 22 жылда біршама реформа жүзеге асты. Жасқұста сәулетті астана-Хан ордасын салдырды.

Еуропалық өркениет жетістігін қазақ тұрмысына дарытуды ойлаған. Әсіресе мектеп ашу, жастарды гимназияда, кадет корпусында оқытуға көп көңіл бөліп, үлгі ретінде өз балаларын оқуға жастай аттандырған. Қазан университетінің профессорлары – ректоры К.Фукспен, шығыстанушы ғалым А.Казембекпен жақын танысты. Араб, парсы, неміс, орыс тілдерін жақсы меңгерген, көркем әдебиетті, мерзімді баспасөзді тұрақты оқыған, танымдық басылымдар мен шығыстың көне кітаптарын жинаған. Қазақ шежіресін жазуға ниет еткен, соңында ғұмырбаяндық туынды жазып қалдырды. Ордада 2 мешіт, дәрігерлік бөлімше, дәріхана, тұрақты жәрмеңке аштырды. Өз сарайының да келістіріп, мазмұнды кітапхана ұстады, қару-жарақ бөлмесін жарақтаған.

Жас шағынан зиялы ортаның арасында тәрбие алып, білім алған Жәңгір туған халқына білім тұнығын  сыйлауды армандап, игі істерді істеді. Халықтың көзін ашудағы Жәңгір хан ісі ұлы бастаманың бірі болуы. Жәңгір 1831 жылы Орынбор генерал губернаторы Эссенге хат жолдап, мектеп үйін салуға көмектесетіндігі туралы уәдесін алады. Сонымен Қазақстан бойынша алғашқы рет 1841 жылы Ішкі Орда қазақтарының балаларына орысша оқыту үшін бастауыш мектеп ашылады.

Жәңгір хан 1839 жылдан бастап қазақ балаларын жоғары оқу орындарына атап айтқанда, Қазан университетіне, орман шаруашылығы институтына, Орынбордағы  Неплюев атындағы кадет корпусына, гимназияға және азаматтық инженерлер институтына қабылдауды сұрап, патшаға өтініш жазған және оған рұқсат сұраған. Онда бірінші тәрбиеленген қазақ балалары Бөкей хандығынан еді. Мектепті үздік бітіргендерді Жәңгір оқу орындарына жіберіп отырған. Жас шағынан зиялы ортаның арасында тәрбие алып, білім алған Жәңгір туған халқына білім тұнығын  сыйлауды армандап, игі істерді істеді.

 Мектептің танымал түлектері

Бұл мектепті алғаш бітіргендердің бірі – Шоқан Уәлихановтың тұстасы Мұхаммед — Салық Бабажанов болатын. Ол Орынбордағы Кадет корпусын 1851 жылы бітіріп, журналист этнограф дәрежесіне жеткен. Петербургтағы географиялық қоғамның толық мүшесі болған. Қазақстанның алғашқы ғалымдарының бірі. Мәжит Шомбалов Мұқаметжанұлы  — жоғары білімді дәрігер.  Шәңгерей Бөкеев Сейіткерейұлы — атақты ақын. Мақаш Бекмұхамбетов Шолтырұлы – оқымысты этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Сейтқали Меңдешов  – қоғам  және мемлекет қайраткері, саяси қуғын — сүргін құрбаны. Ғұмар Зарипов — белгілі өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Елеусін Буйрин — алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мектебінде оқығандардың кейінгі легін Ғақаш Бияшев Зәкиұлы – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ерден Әзірбаев Нығметұлы — ғалым, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корр.мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. Фатиха Жұмағалиева  —  ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор.  Алма Оразбаева— мемлекет және қоғам қайраткері жалғастырды. Сонымен қатар   орыс-түрік соғысының батыры Ғұбайдолла Жәңгіров, Кеңес Одағының батырлары Темір Масин, Ахмедияр Құсайынов, тұңғыш педагогикалық «Мұғалім» журналының редакторы Ғұмар Қараш, ақындар Тайыр Жароков, Қайрат Жұмағалиевтей арыстардың есімін атаймыз.

                                           Бөкей ордасы ауданы тарихи – музейлер кешені

Ауданның орталығы – Сайхын ауылына жету үшін Оралдан 600 шақырымға жуық жол жүру қажет.

Жәңгір хан 1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне хан әулетінің атадан балаға ауысар мұрасы саналатын құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырған екен. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей деуге болады.

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешен құрамында 1828 жылы салынған Хан сарайы, ХІХ ғасырда салын­ған дәрігер А.А.Сергачев тұрған үй, 1835 жылы салынған Хан мешітінің жобасы негізінде қайта салынған мешіт ғимараты, 1867 жылы ашылған Казначейство мекемесінің ғимараты, 1868 жыл­ғы Тарғын мектебі, 1883 жылы ашылған Қыздар училищесі ғимараты, ХІХ ғасырдағы мектеп қалашығының бес үйі, 1852 жылы ашылған аурухананың екі ғимараты және ауылдан 4 шақырым жерде орналасқан Жәңгір хан Бөкейұлы, күйші Дәулеткерей Шығайұлы және этнограф-ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов кесенелері құрайтын Пантеон бар. Ауданның орталығы – Сайхын ауылына жету үшін Оралдан 600 шақырымға жуық жол.                                                                                                                                                     «Ғасырмен жарысқан мектебім»

Қазақстанның тұңғыш мектебі ХХІ — ғасырда  ондаған жаңа заманның тұлғаларын қалыптастырып, елдің ертеңі үшін адал еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде. Мектеп табалдырығын әр шәкірттің ілгерілеген көштен қалмай, үлгілі тәртібі, өнегелі білімімен ерекшеленуін мақсат етіп қойған қара шаңырақтың ұстаздарының ерен еңбектері қашанда құрметпен аталады. Жәңгір хан атындағы мектеп оқушылар мен ұстаздары бірегей тұлға мектебінене екенін әрдайым мақтанышпен атайды.

Аудандағы тұңғыш білім беру ұясы 1991 жылдан бастап, Орда орта мектебі деп аталып, сол жылы мектептің 150 жылдық мерекесі тойланды. 1999 жылы желтоқсаннан бастап Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін  мектеп деп аталды.

Қазақстанның тұңғыш мектебі ХХІ — ғасырда  ондаған жаңа заманның тұлғаларын қалыптастырып, елдің ертеңі үшін адал еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде. Мектеп табалдырығын әр шәкірттің ілгерілеген көштен қалмай, үлгілі тәртібі, өнегелі білімімен ерекшеленуін мақсат етіп қойған қара шаңырақтың ұстаздарының ерен еңбектері қашанда құрметпен аталады. Жәңгір хан атындағы мектеп оқушылар мен ұстаздары бірегей тұлға мектебінене екенін әрдайым мақтанышпен атайды.

Аудандағы тұңғыш білім беру ұясы 1991 жылдан бастап, Орда орта мектебі деп аталып, сол жылы мектептің 150 жылдық мерекесі тойланды. 1999 жылы желтоқсаннан бастап Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін  мектеп деп аталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші  «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» атты отырысында сөйлеген сөзін басшылыққа алған мектеп ұстаздарының бүгінгі жетістіктерін сөз еткенімізде, әр ұстаздың ата — анамен бірлесіп, жаңа заман ұрпағына білім беріп, тәрбиелеу ісін жалғастырып келе жатқанын білдік. Жалықпай, бала оқытумен айналысқантәжірибелі ұстаздардың жетістігі — шәкіртінің білім деңгейімен өлшенеді. Осы орайда мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бүгінгі қол жеткізген  марапаттарын атап өтсек.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында   ІІ — орын Алмурзина Рита Жоламановна, «Педагогикалық идеялар панорамасы» — ІІІ орын Туленгалиев Медет Елтаевич, «Үздік алғашқы Әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі — 2023» облыстық байқауының Облыстық кезеңінде ІІ — орын иеленсе,  «БҚО әкімдігі балалар мен жасөспірімдер туризм экология орталығы» МКҚК Алғыс хатымен  Унаев Ж.Х. марапатталды.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық конкурсында «Шығармашыл толқын» бөлімінде ІІ — орын Аксенова А.Р.,»Үздік әлеуметтік педагог-2023″ байқауында ІІ — орын Сидекова А.К., Облыстың  жалпы білім беретін мектептерінің шығармашыл оқушылары арасында өткізілген «Ақберен» облыстық өнер байқауынан Насипкалиева Аружан ІІ — орын иеленді. 2-7  сынып оқушыларының арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынан Самиғолла Нұрасыл, Ербулатов Марлен І — орын иеленіп, республикалық байқауға қатысты. Ерлан Диас, Майдан Айсезім ІІІ — орын жүлдегері атанды.

Облыстық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының «Мен мамандықты … таңдаймын» презентациялар байқауынан Исаев Медхат, Бектемірқызы Диляра жүлделі ІІІ — орынға ие болды. «Әбіш оқулары» облыстық ғылыми -шығармашылық конкурсынан 11 — сынып оқушысы Құмар Дильназ ІІІ — орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 — сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 5 — сынып оқушысы Тайров Исмаил ІІІ — орынға ие болды.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық конкурсында «Экологиялық сауаттылық» бөлімінде ІІ — орын,  Шарафетдинова Б.А, Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасынан 4 — сынып оқушысы Хамидолла Айсана ІІІ — орын алса, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша пән олимпиадасынан биология пәні бойынша 10 — сынып оқушысы Махамбетова Айзере Алғыс хатқа ие болды.

«Shell Kazakhstan»  компаниясының қолдауымен өткен «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» республикалық экологиялық жобалар байқауынан финалға шығып, Махамбетова Айзере, Исаев Медхат, Саху Нұржайна республикалық байқауға қатысты.

 Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы  «Алтын белгі» иелері

 

Дайындаған: Ж.Кучукова,

Батыс Қазақстан облысы.

[1] Egemen Qazaqstan газетінен алынды.