БӨКЕТОВ Евней Арыстанұлы

Евней Арыстанұлы Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Бағанаты ауылында қарапайым шаруалардың отбасында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты — Ибн-Ғабиден, бірақ ата-анасы оны Евней-Ғабиден деп атады, ал кейінірек құжаттарда ол Евней деп жазылды. Аштық жылдарында әкесі Арыстан отбасымен қазіргі Қорған облысының Макушинск совхозына көшіп, қара жұмысшы болып жұмыс істеген. Евней Бөкетов алғашқы білімін сол жақта бастап, 1938 жылы ата-анасымен туған жеріне оралып, арғы білімін аудан орталығы Марьевка ауылында жалғастырды, бірақ әкесінің ауруына байланысты 9-сыныпты аяқтағаннан кейін оқуын тоқтатып, жұмысқа тұруға мәжбүр болды. Көп ұзамай әкесі қайтыс болды.
1945 жылы 20 жасында ол орта мектепті тәмамдап, Қазақ тау-кен металлургия институтының металлургия факультетіне түседі де, оны 1950 жылы аяқтап шығады. Әрі қарай болашақ академиктің қызметтік және ғылыми мансабы өсе берді, алдымен аспирантура, 1954 жылы диссертация қорғау, 1956 жылы доцент лауазымы, 1958 жылы оқу ісі жөніндегі проректор, ал екі жылдан кейін – Қарағандыдағы Қазақстан Ғылым
Академиясының химия – металлургия институтының директоры болып тағайындалды.
Химик-металлург, ғалым, қоғам қайраткері.. Техника ғылымының докторы (1967 ж.), профессор (1967 ж.), ҚазКСР ғылым академиясының академигі (1975 ж.), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1971 ж.). Бөкетов сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Д.Менделеев туралы естеліктер жазған. «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества», т.б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің «Макбет», У.Шекспирдің «Юлий Цезарь», Дж.Флетчердің «Испанский священник», Д.Маяковскийдің «Клоп» атты еңбектерін, И.Василенконың «Артемка» повесін, Э.Золдің әңгімелері мен мақалаларын аударған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Әуезовтің Абай шығармашылығын зерттеудегі еңбектеріне шолу жасаған. «Абай жолы» ақынның ақындық қасиетін, ойшылдығын, тұлға бітімін жан-жақты аша білген сыр сандық деп бағалады. Ал «Халқымыздың мерейі мен мақтанышы» деген мақаласында Әуезовті ұлтымыздың ары мен абыройы деген («Жалын», 1972, N95).
Е.А. Бөкетов — АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия, ГФР, Жапония және басқа елдерде патенттелген 200-ден астам ғылыми еңбектің, тоғыз монографияның, 90-ға жуық ғылыми жаңалықтың авторы. Оның негізгі ғылыми еңбектері түсті металдар металлургиясы. Ол металлургия процестерін жеделдету бойынша ғылыми әзірлемелер жасады. Е.Бөкетов Лисаков және Аят кен орындарында марганец және темір кендерін кешенді пайдалануға (сазбалшық пен ванадий құрамынан бөліну) қомақты үлес қосты. Оның басшылығымен Балқаш тау-кен металлургия комбинатында мышьякты мыс электролиттен алу тәсілі зерттеліп, өндіріске енгізілді. Евней Арыстанұлы — халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясындағы жаңа бағыттың негізін қалаушы, осы еңбегі үшін 1969 жылы оған КСРО Мемлекеттік
сыйлығы берілді.
Қарағанды қаласында өткен 1-ші және 2-ші Бүкілодақтық кеңестердің ұйымдастырушысы және жетекшісі. Шламдағы элементтен фосфорды бөлу әдісі Бөкетов-Баешев әдісі деп аталды. Е.Букетов Д.И. Менделеев элементтерінің периодтық жүйесіндегі химиялық аналогтардың жіктелуін нақтылады, металлургиялық сілтісіздендіргіштер арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді.
Екінші жаңалығы — флотациялық байыту сатысында бос жыныстардан айырып алуға жеңіл көнетін, тотықтандырылатын мысты сульфидтік түрге айналдыру. Соның арқасында жарамдылығы аз кендерден жоғары сапалы шикізат алынып, табиғат байлығы арта түскен. Осы екі табысы оны әлемге танытты. 1966 жылы докторлык диссертациясын
Академик Евней Букетов (в центре) с государственным и общественным деятелем Турсыном Махметовым (слева) и коллегой – доктором физико-математических наук Алексеем Перевертуном
ойдағыдай қорғап, төрт жылдан соң Қазақ КСР ҒА-ға мүше-корреспондент, бес жылдан кейін академик болып сайланды. 1972 жылы ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған. Жаңа оқу орнының құрылысы, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік және тағы да басқа жұмыстар танымал ғалымды сырттай шаруашылық басшысына ұқсатып жібергенімен, ол қашанғы ұстамды, батыл мінезінен таймады, республикадагы екінші университетті аяғынан тік тұрғызып, жоғары білім берудегі төрт қабырғасын берік етіп қалап, атақ-даңқын биікке көтеріп берген. 1972 жылы тақырыптық жоспарға 10 жұмыс енгізілсе, арада жеті жыл өткенде 15 ғылыми бағыт бойынша 91тақырып орындалған. Мәскеу, Ленинград, Алматы, Новосібір т.б. қалалардың жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан.
Әдебиет саласында Ебіней Бөкетов Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын талдап, бірсыпыра туындылар жазған сарабдал сыншы. Ол студент кезінде-ақ Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафиндердің алдында өзінің өз қатарынан артық туған асыл жанның бірі екенін дәлелдеп берген.
Е.Бөкетов — Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушы, академик Евней Бөкетов Қазақстанның химия-
металлургия ғылымындағы басты тұлға болды. Сонымен қатар, Қазақстанда белгілі әдеби сыншы, жазушы. Орыс жазушылары мен ақындарының бірқатар аудармаларын қазақ тіліне аударып үлгерген. 1985 жылы Мәскеуде Е.А. Бөкетовтың «Святое дело Чокана» атты очеркі жарық көрді. 1989 жылы Е.Бөкетовтің «Досына алты хат» атты кітабы жарық көрді. 2005-2006 жылдары 6 томдық ғылыми және әдеби-публицистикалық шығармалар жинағының 5 томы жарық көрді. 2007 жылы ЖЗЛ сериясында жазушы М.Сәрсекенің «Евней Букетов» атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
Евней Арыстанұлы Бөкетов өзінің шығармашылық өмірінің өркендеуі кезінде, 58-ші жылында көптеген шығармашылық ойларын жүзеге асыра алмай кетті.
СҚО, Шал ақын ауданының әкімдігі;
«https://kk.wikipedia.org





