Бұл – болашақ!

Ертегім, менің ертегім!

Баяғы өткен заманда қатыгез бай өмір сүріпті. Әсіресе, қол астында жұмыс істейтін жалшыларына мүлде әділетсіз екен. Сол жалшылардың арасында тоғыз ұлы бар сіңірі шыққан кедей бар екен. Күні-түні байдың қара жұмысын атқаратын кедейге бар-жоғы бір тілім ғана нан беріп, қоя береді екен. Балалары өскен сайын ішерге ас, киерге киім таппайды. Жұмысын қаншылықты ретті істегеніне қарамастан, байдың жандайшаптары әлгі байғұсты өлімші етіп сабап, қойдың арасына итеріп тастайды. Мына өмірге налыған кедей Аллатағалала жалбарынып:

—О, Жаратқан Ием! Мына азаптан құтқара көрші. Мен өлсем, ана тоғыз ұлымды мына бай итке талатып, шыбын жанын шырқыратады. Маған күш-қуат берші, Алла,- дейді талықсып бара жатып.

— Балам,  Аллатағала сүйген құлын сынайды. Сынағынан өткенде, сол құлына байлық пен береке сыйлайды. Мына азабыңды маған берші,- дейді қария мұның  ауыр таяқтан ауырып жатқан денесін сипап. Қанша уақыт жатқаны белгісіз, оянса үйінде жатыр екен. Е-е, маған келген аян екен ғой, Құлан-таза айығып, қайта байдың үйіне барады. Өйткені, басқа нәпақа табар жер жоқ. Әне-міне дегенше ұлдары да ер жетіп, әкесіне қолғабыс етуге жарайды. Тұңғыш ұлы Ерназар келіп, байға жалшылыққа тұрып, қойын бағады. Қойларды қанша шөбі шүйгін жерге жайса да, байдың есігіне жақындағанда болды маңырап қоя береді. Соны көре сала байдың адамдары баланы аямайды. Кейде тамақ бермейді.

—Неге қойды шөбі қалың жерге жаймайсың? Мал аш,-деп діңкілдейді. Байдың қомағайлылығынан ба , бір жыл қатты қуаңшылық болып, егін күйіп, мал қырылады. Кедейлерге тіпті қиын болады.

Ерназар болса, оңды-солды танитын жасқа жетеді. Ойынан мына кедейлерге қайтсем жақсы өмір сүруді үйретемін. Қашан біз тойып тамақ ішеміз. Байдың әділетсіздігінен қашан құтыламыз  деген қиялмен алдына малды салып, ауылдан тіпті ұзап кетіпті. Қойлар да шүйгін шөпке тойған соң, үйіріліп тұра қалыпты. Суат іздеп, жан-ажғына қараған бозбала әрлі-берлі жүреді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, алдынан мөлдіреп жатқан өзенді көрді. Қуанғанынан өзенге қойып кетті. Салқын су жанын сергітті. Жағаға шығып, көкмайса шөпке шалқасынан жатып, зеңгір көкке қарады. Ақ бұлттар арасынан болашақты көргендей  әсер алып, тілмен айтып жеткізгісіз күйге бөленді. Дереу малды айдап, үйіне жетті де, көргенін ата-анасына айтты.

—Қой, балам, мұның әншейін елес қой,-деді де қойды. Ерназар болса, әлгі елесті қалай жүзеге асырамын деп ойлаумен болды. Ақыры байға келіп, ұсынысын айтады.

—Өй, сен, кедейлерге жұмақ орнатайын дедің бе?- деп мырс етеді. Бала табандылығынан қайтпайды. Оған жасыл желектер елестеді. Ағаштар, мал жайыр жүргендегі шүйгін шөптерге ұқсамайтын жасыл алаң, дала гүлдерінің алуан түрлі бояуы. Зәулім ғимараттар. Ішінен бұлар өте биік екен, терезесі де көрінбейді, мұнда адамдар тұруына бола ма? Әрлі-берлі арбалы аттарда дамыл жоқ. Күнде осы елеспен өзі де болашқаты құрғысы келді. Қалай құрады? Күнде мал бағып жүргенше, бір нәрсе ойластыру керек. Не ойластырады? Елесті қайта көз алдына келтірейін десе, анда-санда көз алдына әртүрлі бейнелер болып, бірі-екіншісін қайталамайды. Көзін жұымп аспанға қараған күйі ұзақ жата бергісі келеді, оған мұрша бар ма? Малды жаю керек. Елесін ұстап алып, енді көзін ашқанда кемпірқосақ тәрізді алыстап барып жоқ болады. Бірде малды жайған күй ұзап, тау ортасына жақындап қалыпты бір қараса, артына қарап еді ауыл мүлде көрінбейді. Ауыл дегені байдың биік дуалмен қоршалған ат шаптырым аймақты сабан кірпішпен қоршаған үйі, соның жайылымы мен шөкімдей қараша кедейдің үйлері. Солай болса, балалардың шат күлкісі сыңғырлап, көктегі құстардың әуеніне ұласып жатады.

Тау баурайының шөбінің құнарлығы сондай, қойлар сәл ғана жайылып күййісін қайырып жата қалғаны. Басқа кезде жайылып үлгермей жатып, бастарын жерге қаратып су іздеп, жан-жаққа шашылып кететін. Соны пайдаланып, тау басына шығып көргісі келді. Шыңы тура алдында тұрған сияқты, ортаң белге келгенде, бір дауыстар естіді. Шошып кетті. Бала кезде әжесі ертегі айтып, дию-перілер, жын-шайтандар туралы айтатын. Онда да басты кейіпкер бала. Солар ма деп әуелде артына қарай жүгіріп емес, домалап кеткісі келді. Содан қой, неде болса күтейін деп аялдады. Биікке қарай тағы да көтерілді. Өзін ешкім байқап қоймасын деп, жер бауырлап басын көтермей тың тыңдады. У-шу! Өзіне бейтаныс гүрілдер.

—Әжем айтқан ертегідегі жын-перілер мені алып кетсе, қойға кім ие болады? Оны да жын-перілер жеп қойса, бай ата-анасын бауырларымен қосып жаза тартады ғой. Мен не деген ес жоқ. Нем бар еді мұнда көтеріліп, тып-тыныш малымды қайырып кетпей, — деп саққұлаққа ұқсап құлағымен тың тыңдады. Жастық жігері мұны жерден жұлып алып, басын көтертті. Қараса, өз көзіне өзі сенбеді. Өзіндей адамдар көз ілеспес алыста қала салып жатқанын байқады. Ауылда көрмеген көрмеген нәрселер қимылдап, сол жырақтағы адамдар мен гүрілдегендердің дауысы соншама қашыққа жетіп жатқаны өзін әбден қызықтырды. Малын байға айтып, інілері мен әкесіне тапсырып, өзі сол жаққа барып бәрін жақыннан өз көзімен көргісі келді.

Бай да ұу ғой, сұранып еді, не үшін деген сияқты сылтаурай айтып жібермеді және малды алысқа ұзамай жаюын тапсырды. Соған қарамастан Ерназар елеспен ауырды. Бірде аспанда ұшып жүреді, ұшқыш кілем туралы ертегіні әжесі көп айтатын. Астымда кілем бар ма деп көзін ашып жібергенде, елес ғайып болады. Енді бірде теңіздің у шеті мен бу шетіне бала кездегі ағаш атпен су бетін жосып өтеді. Осындай елестер жанына маза бермей бір жаз, күз, қыс өтеді. Ата-анасының батасы мен рұқсатын алып, көктемде байдан да сұранбай, малын әкесі мен бауырларына табстап,  торсыққа айран құйып жанына байлап, таба наны мен құртын алып, тау беткейінде шаһарға жол тартты.  Бұның ауылдан кеткені үлкен шуға ұласты. Қанша күн жүргенін санамады, түндетіліп, шам жанған жерге жақындады. шам түндегі жұлдыздың көшірмесі секілді. Өзін біреу байқап қалмады ма екен деген сақтықпен келген жеріне жата қалды. Таңды аман атырса, шам жанған жерді көрмекші.

—Астапыралла, шошынғаны соншалық тілі басқа сөзге келмеді. Адам сияқты біреу көзіне шам тіктеп ұстап тұр. Екіншісінің иығындағы мылтықты көргенде «Біткен жерім осы» деді де өтірік құлап қалды. Қыста мал жайғанда, білте мылтық алып жүретін, соған ұқсатты.

Өздері бірнеше адам ба? Ақырын сөйлейді екен. Бірінің сөзін екінші қалай естиді деп өтірік талып жатып ойлап үлгерді. Бұны орнынан тұрғызып, сөйлеп жатыр. Сөздерін түсінбеді. Жан сауғалағаннан басқа амалы жоқ. Орнынан тұрғызған жігіттердің тілін ұқпаса да, сөздерін жайлылықты сезді. Ұрып-соғатын әрекеті байқалмады. Ішінен тәуба десе де, былқ-сылқ етіп екі адамның жетегінде келеді. Жарық жерге кіргенін скөзін сығырайтып ашып, көрді, мұнымды байқап қалмасын деп тез жұма қойды көзін. Өзін жатқызып, мұрнына бірнәрсе иіскетті, бұрын мұндай иіс таңсық орнынан ұшып тұрды, жанындағыылар ду күліп, бас бармасын көрсетті. Тамақтандырып, ақ киімді біреу келіп, жүрегін, арқасын қарап өтті. Таң атқанда қазақ тілінде сөйлейтін біреу жай-жапсырды түсіндіріп, мұнда жастарды жұмысқа қабылдайтынын, жақсы жұмыс істегендерге жағдай жасайтынын, ақша беретінін тізіп шықты. Жын-пері деп шошып жүргені адамдар болып шықты.

Барамын да көріп, қайтып келемін деген жігіт кері келмей айлап жоғалып кетті. Ата-ана мен бауырлары шарасыз қалды. Іздейтіні ауылдың айналасы, жаз жайлау мен қыс қыстауы. Жылап-сықтап ит-құсқа жем болды, ең болмаса сүйегін тауып,  көме алмадық қой деп ішқұса болып жүргенде, сау етіп төрт доңғалақты өзі жүретін арбамен келіп қалғаны. Жаңа ғасыр құрып жатқан ел жастарымен бірге жұмыс істеген Ерназар көп нәрсені үйренді, әсіресе құрылыс саласын әбден меңгерді. Енді жұмыстан шығып, ауылына бет алды. Үйренген-білгенін туған ауылын көркейтпекке жұмсамақ.

Келе ата-анасы, бауырларымен қауышып, үйренгенін айтып, байға барып ұсыныс айтпақ екенімен бөлісті. Келіп, ойларын байдың алдында дәлелдеп көрсетті. Деседе, бай жас жігіттің өзінен асып айтқан ұсыныстарына қызғанышпен қарап, жақтырмады. Деседе, ойлана келе ауылын көркейту, жаңа қадам жасамаса, күні ертең ауылын басқарушылықтан түсіп қалатынын ойлап, амалсыз Ерназармен араға уақыт салып келісті. Іштей Ерназардың қайсарлығына тәнті болды. Ауылдан ұзап, күн көріс қамымен кеткен жас жалғыз Ерназар емес. Бұл бала шаһардағы табысты жұмысын тастап, туған ауылының болашағы үшін тәуекелге бел байлап, өзіне батыл ұсыныс жасады.  Өйткені, қанша жыл ел басқарса да, жанында жүрген көмекшілерінің бірінен мұндай ұсыныс естімеп еді. Ойлана-ойлана бай Ерназардың айтқандарын орындаса бұдан бетер байитынына, халқының қолдауына ие болатынына көзі жетеді де, баланы шақырып:

—Ұсынысыңды неден бастайсың?-дейді. Бала да қулау екен.

—Байеке, әуелі егін егетін жерді ұлғайтайық. Бос жатқан жерге жеміс ағаштарын егейік. Бау-бақша өсірейік. Алған өнімді көрші ауылға апарып, сатайық. Үй соғайық. Мектеп ашып, бала оқытайық. Сонда байеке, сіздің атақ-даңқыңыз жер жарады,-дейді. Бай бұған келіседі.

Осылайша, Ерназардың туған жеріне деген жанашырлығы, тапқырлығы мен еңбкқорлығы, батылдығы арқасында адамдары кедейліктен құтылып, аузы аққа жариды. Бүтін киім киіп, бала-шаға білім алады. Шын мәнінде сараң байдың даңқы шарлап кетеді. Ерназардың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беріпті.

Ж.КУЧУКОВА

Кемпірқосақтың суреті: www.kid.re