Бәрекелді, биіктерге самғай бер!
Дана Қайрат «Жеті өнер» шығармашылық орталығы мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырған «Үш бақытым» Республикалық рухани – патриоттық өнер байқауына қатысып, «Көркем сөз шебері» номинациясы бойынша Бас жүлде иеленді.
—Мен кішкентайымнан өнерге жақынмын. Тақпақ, өлең оқығанды ұнатамын. Маған ақындардың өлеңін оқытуды әжем Гүлшат Естемесова үйретті, — деп ағынан жарылады Дана.
Үздік өнері мен білімдегі алғырлығын танытқан Данаға алдағы уақытта да байқауларға қатысып, топ жарып, дара дарын иесі атануына тілектеспіз!
Республикалық «Farabi shakirti»
журналының ұжымы.