Бала Абайдан-дана Абайға!

Педагогикалық сынып-«Мен мұғаліммін» деген баланың тұлғалық тұжырымдамасын болжауға және өзін-өзі жобалауға мүмкіндік беретін арнайы жоба. Бұл жоба арқылы жеке тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне де дайындалуға болатын бірегей бағдарлама.
Абай мектебінде бұл жобаның іске асып жатқанына да 2 жыл толып қалды. Осы жыл аралығында ертегілер жинағы да жарық көрді. Көптеген кездесулер де өткізілді. Сол кезлесулердің ең үздігі мектеп-интернатымыздың 13 жыл директоры болған Мұхтар Ботабайұлы және түлеп ұшқан түлек, PhD доктор Ертай Сұлтанұлы еді. Оқушыларымыз әсем күймен қарсы алып,тағылымға толы кештің куәгері болды.Аталы сөзді ардақтай білетін шәкірттер қонақтармен сүбелі сұқбат құрып,мәнді сұрақтар қойып, жауабын да алып үлгерді. Ең әсерлісі Ертай Сұлтанұлының «Сіз үшін Абай деген не?»;«Абай сізге не білдіреді?» деген сұраққа осылай жауап беруі:
Мен үшін 3 Абай бар. Олар:
- Абай атындағы мектеп-интернат
2.АҚШ-тағы Абай орталығы
3.Абай университеті
Менің ойымша, бұл қысқа сөздің де түсінгенге мол мағынасы бар.Мұндай көпқырлы көзқарас Абайдың бүгінгі күндегі өзектілігін, оның идеяларының заман талабына сай жаңғыртылуын және болашақ ұрпаққа әсерін көрсетеді. Бұл іс-шараның арқасында Абай РММИ оқушылары кәсіби өсу жолындағы маңызды қадамдарды жүзеге асыруға шабыт алып,болашақ ұстаздарды жан-жақты даярлауға бағытталған заманауи білім беру моделімен танысты.
Қорыта айтсам,Дана Абай бола білген мектеп түлектері бізге бағыт беретін бағдаршам іспетті. Ал сол алпауыт көпірдің арасында үйлесім орнату – біздің парызымыз!
ҒАНИҚЫЗЫ Дәрия,
Алматы қаласы, Абай РММИ-дің
10-сынып оқушысы