Балалар басылымдарының басты меценаты – ата-ана

Ата-ана қаласа, баласын жұлдызға жеткізеді. Баласы қаласа, ата-анасы айды да әпереді.

Елімізде адамдардың, соның ішінде ата-ананың  да балалар басылымына деген ынтасы, көзқарасы бұрынғымен салыстырғанда мүлде өзгергені жасырын емес. Әсіресе, әлемдегі карантиннен кейін оқушылар тек телефонға қадалып қалды. Телефонның да пайдалы тұстары айтарлықтай. Алайда, тәулік бойы телефонмен дос болған жасөспірім балалалар газет-журналына келгенде мұрнын шүйреді. Бұлай деуімнің себебі, кездесулерде үйіне апарып, ата-анасына көрсетсін деп сыйлыққа қолына берген журналды лақытырып кеткен кездерінде көрдік.  Мектептің сыртында жерде жатқан журналды қайта көтеріп алдық.

Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер өз жасына лайық қалаған балалар басылымын жаздырып алып оқыса, одан зиян шеккенін көрмедік. Айтсақ, кіналайды. Сіздің шаруаңыз не деген? деген сөгіс естиміз. Есесіне, баланың көркем сөйлеуі жоғалып барады. Телефондағы суретпен сөйлейміз. Балалар мен жасөспірімдердің сауаттылығы, шығарма жазудағы шеберлігі туралы айта берсек, көптеп мысал келтіруге болады.

Бұл мәселе министрліктер тарапынан көтеріліп, биылғы қаңтар айында балалар басылымы өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Мәдениет және Ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы, Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы «Қазақстан балалары шығармашыл интелегенция» тақырыбын талқылады.

Басқосуда айтылған мәселелерді саралай келе Республикалық ғылыми –педагогикалық кітапхана директоры Алия Шуратқызының бастамасымен Алматы қаласы 8 ауданының мектептері директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасралары, кітапханашылар, ата-аналарымен балалар басылымының маңызы туралы кездесу өткізіп, 28 басылым бас редакторлары мен өкілдері өз басылымы жайында әңгімелеп берді. Балалар басылымдарының алдының шыққанына бір ғасыр болса, енді ғана оқырманға танылып жатқандары да бар.

Айталық, «Ақ желкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята», «Балбұлақ», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Жыл он екі ай», «Балалар әлемі», «Бала би», «Балапан бағы», «Асыл сөз», «Айналайын», «Ақылдым», «Жеті әлем — комикс» журналы, «Ертегілер елінде», «Farabi shakirti» журналы мен «farabishakirti.kz» сайты, «Ертегілер әлемі», «Alan&kids», «Ақылдым», «Білім шыңы – ғылым сыры», «Ыбырай», «Ақылды балалар», «Алтын сандық», «Алтын сақа», «Ханталапай», «әл Жәбірдің атасы», «Білімді ұлт» газет – журналдарын әр отбасы бір данадан ұл-қызына жаздырып берсе, баласының жандүниесі қаншама рухани құндылықпен байитын еді деген үмітпен тарқастық.

Барлық басылымдар кездесулерге келген мектеп өкілдеріне  өз газет — журналдарын сыйға тартты.

Алматы мектептерімен кездесулерді спикерлер – кітапхананың директорының  орынбасары — Асанова Райхан Файзуллақызы, «Ғылыми — әдістемелік» бөлімше  басшысының орынбасары —  Емишева Амангүл Бастаубайқызы,   «Ғылыми- әдістемелік» бөлімше әдіскері Жанна Шеризатқызы жүргізді.

Алдағы кездесулер Астана, Шымкент қалаларында өтіп, еліміздің облыстарында жалғасын таппақ.

 

 

Ж.Кучукова,

«Farabi shakirti» журналы мен «farabishakirti.kz»

сайтының бас редакторы

Республикалық Бас редакторлар Клубының мүшесі.