«Балалық көңілдің пернесін дөп басқан»

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Қазақстан Республикасының Президенті:

«Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту – бәрімізге ортақ парыз. Осы орайда, жазушының 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілуі және туған жерінде сәулетті ескерткішінің бой көтеруі – әйгілі сөз зергеріне деген қадір-құрметтің белгісі. Қаламгердің өзіне ғана емес, оның кейіпкеріне ескерткіш орнату – өте сирек кездесетін оқиға. Астана төрінде тұрған Қожаның мүсіні Соқпақбаев шығармашылығының ұлт руханиятында ерекше орын алатынын көрсетеді».

Қазақ әдебиетінде балалар өміріне байланысты шығарманың қайталанбас ескерткішін орнатқан қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті. Оның балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, романы оқырмандардың оқи берсе, жалықпайтын шығармасына айналды. «Менің атым-Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. Жазушының ғасыр тойына арналған шаралар еліміз мектептерінде де кеңінен аталып, өтуде. Күні кеше ғана Алмалы ауданындағы №15 гимназияда «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы негізінде балалар бағының бағбанына арналған «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты әдеби-сазды кешті мектеп кітапханашысы Мыңжасарова Райхан Мұқтарханқызының ұйымдастыруымен атсалысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы және бастауыш сынып мұғалімдерінің қолдауымен өтті. Кешке бастауыш пен жоғары сыныптың оқушылары өнерлерін ортаға салды.

Мектептің мәжіліс залы оқушылар, ұстаздар мен қонақтарға лық толған сәтте «Молдабайдың термесі» орындалып, аяқтала бере «Мені атым Қожа» фильмі көрсетілді. Экрандағы фильм аясында сахнаға Қожа, Сұлтан мен Дәулет шығып өз орындауларында кинодан қысқаша үзінді көрсетті. Олар Қожа — 6 “В” сынып оқушысы Кешубай Керімсал, Сұлтан — 5 “З” сынып оқушысы Қадырғажы Мансұр, Дәулет — 5 “Ә” сынып оқушысы Бақыт Батыр. 2 «Б» сыныбының оқушылары «Менің  атым Қожа» фильмінде орындалатын «Туған ел» әнін нақышына келтіре хормен орындады. Оқушыларын актерлік шеберлікке дайындаған мұғалімдері-Балтабаева Шынар Айткалиевна, Сапарғали Райхан Сырманқызы, Душмуратова Гулбану Ганикызы. Бастауыш сынып жетекшілері — Назарбек Жадыра Абайқызы мен  Шаргынова Сандугаш  Тоқтасынқызы.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін тамаша орындады. Содан кейін жүргізушілер жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы, жарық көрген шығармаларына тоқталды. «Менің Әкем» монологы 9 «В» сынып окушылары Сейгали Рауан, Айтхожа Балам, Магауия Миндана оқыды. Даярлаган Казак тілі мен әдебиетіп әнінің  мұғалімі және сынып жетекшісі — Муслимхан Монжи.

2 «Ә» сынып оқушысы Арнұр Аңсаған әскери киімде «Ана жүрегі» монологын оқиды. Гимназия көркемөнерпаздарының орындауында «Бала махаббат», «Жаулап алды махаббат», «Алматы түні»,  хормен «Сарыжайлау» әндері шырқалып, «Көңіл толқыны» күйі орындалып,биші қыздардың орындауында «Қазақ биі» тамашаланды. «Биік Бәйтерек – Бердібек» өлеңін 2 «Ә» оқушылары Қадырғажы Аяжан, Ахмет Мирас, Мұратхан Ерали, Сәкен Шоқан, ⁠Бақытхан Дәмелі мәнерлеп оқыды.

Жазушыға арналған әдеби-сазды бағрламаны дайындауға қатысқан ұстаздар — Жахан Гүлім Өкенқызы, Қайыр Нұржан Асқарұлы, Атілғазы Ұлжан, Жумадилова Майра Бахытовна, Ақерке Ерланқызы, Ақтолқын Тілекқызы; Назарбек Жадыра Абаевна, Карымсакова Динара, Рахметова Ергуль Куандыковна, Нурила Данайқызы, Сандуғаш Тоқтасынқызы, музыкамен әрлеуші Бекболат Қонысбекұлының іскерлігіне лайықты баға берілді. Мобилограф:  9 «В» сынып оқушысы Әділ Алихан, 11 «Б» сынып оқушысы Қайнарғали Әминаның да шеберлігі аталып өтілді. Кеште гимназия директоры Оспанбек Бұлбұл Расбекқызы сөз алып, биыл ЮНЕСКО көлемінде мерейтойы аталып өтетін қазақтың атақты тұлғаларына тоқтала келе, жазушы Б.Соқпақбаевтың замандас тұлғалары айтқан пікірлеріне тоқталды. Оқушыларға кітап оқу қажет екенін айта келе, мектеп кітапханасында балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби шығармалардың қалағанын алып оқуға болатынын шәкірттерінің есіне салды. Әдеби-сазды кешті ұйымдастырған, үнемі игі істің ұйтқысы болып, оқушылардың жандүниесіне рухани шуақ шашып жүретін кітапханашысы Р.М.Мыңжасарова мен шараны өткізуге атсалысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы барлық ұстаздарына, оқушыларға алғыс айтты.

(Өз тілшімізден),

   «Farabi shakirti» журналы.

Алматы