Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте «Бастауыш сыныпта заманауи әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында өткен қалалық әдістемелік семинар өтті.

       Бағдарлама бойынша мәжіліс залына жиналған ұстаздар қауымы бастауыш сынып мұғалімдері Рысбекова Сауле Туканқызы және Саржанова Назгуль Даулетханқызының «Диалогтік оқытудағы топтық жұмыстың тиімділігі» атты  шебер сынып коучингіне   қатысып, сабақ өткізу әдісін туралы ойларымен бөлісті.

,Әдістемелік семинарды мектеп директоры Темиргалиева Манар Бидахметқызы мектеп туралы қысқаша мәліметтер келтіре отырып, семинардың мақсат, міндеттеріне тоқталды және қонақтарға ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Коучинг барысында қонаққа келген ұстаздар топқа бөлініп, берілген тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты. Тапсырмалар орындау арқылы ұстаздар топтағы оқушылардың рөлдеріне енді. Әр топ мүшесіне топбасшы, бақылаушы, хатшы,  баяндаушы, уақыт шектеуші қызметін атқару тапсырылды. Аталған рөлдегі әр ұстаздың өз қызметін тиісті деңгейде қалай орындау керектігі айқындалды.

Шебер сынып  барысында «Дескриптор дегенді қалай түсінеміз?»  сұрағына жауаптар берілді. Әртүрлі әдістер арқылы ұстаздар бір-біріне мақтау, мадақтаумен өз сезімдерін білдірді. Топтық тапсырмаларын сахнаға шығып қорғауда да ұстаздар өздерінің білікті де білімді, креативті екендіктерін көрсете отырып, кері байланысты  «Кіру, шығу билеттері» арқылы жүзеге асырды.

Семинардың мақсаты — бастауыш сыныпта оқыту  ерекшеліктері бойынша іс — тәжірибе алмасу, оқытудың әртүрлі заманауи әдістері мен формаларын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру. Семинарға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастауыш сынып мұғалімдерінің  әдіскер маманы Қасымбаева А.И., Алатау аудандық Білім бөлімінің әдіскері Смагулова А.Б., және 45 – ке жуық қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Әдістемелік семинар құрастырылған жоспарға  сәйкес ұйымдастырылды.  Мектептің кіре берісінен қонақтарды ұлттық нақышта киінген домбырашылар үйірмесінің мүшелері сазды күймен қарсы алды. Келген қонақтарды тіркеуге ала отырып, бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалауға мүмкіндік берілді.

Коучинг мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек етеді. Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, олардың белсенділігін жетілдіру болып табылады. Бұл қызмет бүкіл мектеп мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның нәтижесінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде. Яғни, білім беру саласында мұғалімнің жаңа технологияларды  бала оқытуда жинақтаған тәжірибелерімен бөліседі. Әріптес ұстаздар мұғалімнің өткізген сабағына байланысты тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөліседі.

Біздің мектепте бастауыш сынып мұғалімдері С.Т.   Рысбекова мен Н.Д. Саржанованың өткізген сабағының жаңа әдістері, жаңа бағдарламаны   бастауыш сынып оқушыларына меңгертудегі мұғалімнің шеберлігі, баламен жеке жұмыс істеу, ата — анамен байланысы туралы игі істерімен танысты. «Білім  негізі — бастауышта» — деген қағида ежелден қалыптасқан. Осы тұрғыдан алғанда, қалалық семинарда білікті ұстаздардың бастауышта білім беруде тәжірибелері толысқан, ұстаздық еткен жылдарда бірнеше рет қатарынан бастауыш сыныпты бітіртіп, бірінші сыныпты қабылдаған ұстаздардың айтары, ортаға салар өнегелері аз емес.

Коучингтен кейін, ұстаздар бағдарламадағы белгілермен 11 сыныпқа бөлініп, ашық сабақтарға қатысты. Атап айтсақ, «Активные методы обучения» — Рекалинова Н.У., Абдуллаева М.А., Әліппеден «Ә» дыбысы және әрпі» — Темирханова А.М., 1 «В» сынып; Әдебиеттік оқу – «Халық даналығы ел аузында» — Бекбау Н.Қ., 4 «Д» сынып; Жаратылыстану – «Жүйке жүйесінің маңызы», Бейсембекова А.К., «Тазалық – денсаулық кепілі» — Тугелбаева А.М., 2 «Г» сынып;  4 «В» сынып; Қазақ тілі – «Түбір сөз. Туынды сөз» — Мәулен Ф.Н., 3 «В» сынып; Әдебиеттік оқу – «Оқушы Шоқан», Дюсембаева С.М., 2 «В» сынып; Математика – «Санның квадраты» — Тасыбаева Н.Т., 3 «Г» сынып; «Последовательность чисел» — Юсупова А.А., 2 «К» сынып; Юсупова А.А., «Алгоритм умножения на трезначное число. Охрана памятников культуры» — Сембек А.Ж., 4 «Ж» сыныптарында өткен ашық сабақтар арқылы жаңа бағдарламаларды оқушылардың игеруі көрсетілді.

Әдіскерлер барлық сыныптарға  аз ғана уақыт болса да кіріп, сабақтардың барысын, оқушылардың белсенділіктерін, жаңартылған білім беру мазмұны талаптарының, жаңаша оқу әдістерінің тиімді және талапқа сай ұйымдастырылуына  бақылау жасап шықты.

Барлық бастауыш сынып мұғалімдері бір мезгілде семинар тақырыбына, жоспарына сәйкес, әртүрлі пәндерден оқу мақсаттарын орындай отырып, ашық сабақтарын өткізе білді. Әр сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған, оқытудың озық әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланылды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, шығармашылықтарын арттыру мақсатында қызықты да тиімді әдістер пайдаланылды,

Сабақ аяқталған соң ұстаздар мәжіліс залында бас қосып, қатысқан  сабақтары бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Семинарға қатысқан қала мұғалімдері сабақтар туралы тек оң пікірлер айтып, ризашылықтарын білдіріп, ұстаздардың еңбектерін  жоғары бағалады. Және QR код  арқылы да кері байланыстарын жасап, өз ойларын қалдырып кетті.

Семинарды қорытындылай келе қалалық білім бөлімінің әдіскері Қасымбаева Арай Иманбекқызы  да өзінің оң пікірін білдіріп, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, ашық сабақтар көрсетіп, қала деңгейінде тәжірибелерін таратқан ұстаздар қауымын Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мадақтамасымен марапаттап, ұстаздарды бір марқайтты.

                          М.Б.ТЕМИРГАЛИЕВА,

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №156 жалпы білім

беретін мектептің директоры.

                           Д.С.ТУЛЕГЕНОВА,

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

                            Г.С.СЕЙТБАЕВА, С.А.БАЙЧУКЕНОВА,

Әдістемелік жетекшілер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *