«Бауырсақ» ертегісі жаңа нұсқада

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің» «Балауса шағын орталығында» Аққу тобында «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында      жаңа нұсқада «Бауырсақ ертегісі» аудандық семинары өтті. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту бұл жобаның басты мақсаты болып табылады. Тәрбиешілер Бейсембаева Нағима, Оспанова Гүлсім, қазақ тілі мұғалімі  Құсайынова Назгүл апайлардың жетекшілігімен ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті. Ауыл-аймақтардан педагогтар келіп тәжірибе алмасты.

Осы шарада Бейсембаева Нағима апай өз қолөнерін көрсетіп алжапқышқа «Бауырсақ ертегісін» безендіріп барша келген қонақтарды таңқалдыра білді. Бауырсақ ертегісін алжапқыш бетіне түсіру арқылы театрлық қойылым әрбір кейіпкерлерді табу үшін арнайы тапсырмалар дайындалған, тапсырмалардың жауабын табу арқылы бауырсақ кейіпкерлерге жетіп тақырып ашыла түскендей. Балаларға ұнағаны соншалық бәрі қызыға қатысып жасырылған тапсырманы шешу үшін бар ынта жігерлерін сала түсті. Бауырсақ ертегісін шеберлікпен алжапқышқа түсіріп, әрбір дизайынына үлкен мән берілгендігі жауапкершілікпен атқарылған жұмыс екені анық. Алжапқыштың түсін таңдауының өзіңде қаншама мән-мағына жатыр. Педагогтың біліктілігі мен шеберлігі, білімі мен өнері осы кезде сыңалғандайғандай.

1 -ші тапсырма  үстел үстінде Жасырылған бауырсақты қалташадан алып үйдің терезесіне орналастыру керек.

2-ші тапсырма Қоянға байланысты тақпақ

3-ші тапсырма Қасқырдың тапсырмасы:  «Жартысын тап»

4-ші тапсырма жасырылған бейнені табу, үстел қалташалардағы сыбдырманы шешу арқылы Аюдың бейнесін табады. Аюға байланысты тақпақ айту

5-Тапсырма жасырылған бейнені табу, үстелдің үстінде түлкінің бейнесін арнайы дәндер салынған қалташаның ішінен саусақтың көмегімен түлкінің бейнесін табады.

Ауыл-аймақтардан келген педагогтар белсенділік танытып алжапқыш бетіне қолөнермен жабыстырылған кейіпкерлерге тамсанды.  Тәжірибе алмасу барысында барлық педагогтер алғысын айтып Бейсембаева Нағима апайға алғыстарын жаудырды. Барша келген қонақтарға смайликтер таратылып естелікке сүгіретке түсті. Монтессори технологиясы, артикуляциялық жаттығу, тыныс-алу жаттығулары, яғни бауырсақты сууыту кезінде қолданды, қағазды жырту әдісі, яғни жұмыртқа қағазды жыртуы арқылы бауырсақты табуы, бұл да қолдың ұсақ моторикасын дамытады (сыбдырма ашу -аю, дәнді-дақылдар – ұсақ қол моторикасын дамыту,) түстерді ажырату сыңды әдіс-тәсілдер қолданылды.

Баланың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамытатын осындай семинардан ауыл-аймақтардан келген педагогтердің алары мол.

Артикуляциялық жаттығу баланың сөйлеу тілінің дамуына септігін тигізеді. Семинар өте жоғары деңгейде қызықты өтті.

                                                  ЖАРКЕЕВА Гүлдана Әділбекқызы,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы