Бес айдағы белес

2025 жылғы 29 шілдеде кеңес төрағасы, жазушы Нұрдәулет Ақыш өз еркімен қызметінен босаған соң, кеңес мүшелері мені ашық дауыспен сайлады. Сонымен, ҚЖО Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңес төрағасы қызметім туралы бірер сөз: 2025 жылдың екінші жарты жылдығында «Балалар әдебиетінің бағбандары» сериялық жобасы қолға алынып, Өтепберген Ақыпбекұлы, Тоқаш Бердияров, Беибут Коишибаев , Серікбай Оспанұлы, Нұрдәулет Ақыш, Бейсебай Кірісбайұлы
туралы естелік, портреттік мақалалар жинағы жарық көрді.
«Балалар кітапханасы» сериялық жобасы да басталып, осы тізбек аясында Қуандық Түменбай мен Сауле Досжанованың кітабы жарыққа шықты. Жиын барысында жазушы, әдіскер педагог Бижан Игенбаеваның кеңесімен жазылған кітаптарымыз да таныстырылды. Астана, Алматы және облыс орталықтарында тұратын балалар жазушыларының ортақ базасы жасақталып, арнайы фотосессия ұйымдастырылды.
Республикалық газет-журнал, телеарна мен радиоларда балалар мен жасөспірімдер әдебиеті туралы мақала, сюжет көрсетілді. 2026 жылы «Балалар әдебиеті. Шығармашылық зертхана құпиясы»; «Бүгінгі балалар әдебиеті: жазушы, шығарма және қоғам» балалар жазушыларының шығармашылығына арналған портреттік талдаулар жинағы және «Балалар әдебиеті кеңесінің тарихы» хроника, фотоальбом кітабы оқырманға жол тартады.
Менің әр жобамды ұлттық жоба деп танып, қаражат бөліп, қолдап жүрген кәсіпкер аға-достарыма мың алғыс! Кәсіптеріңізге береке берсін! ATA Creative Hub баспасының Айкүміс Сайлауханқызы, Гүлшат Бақытжан бастаған ұжымыма ризашылық айтамын! Біз ұлы жолдамыз! Алла жар! Қанша жылдан бері еңбектері бағаланбай жүрген, бірақ балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің туын биіктен көтерген Duisenbek Magulumov ағам, Бағдат
Мәжитұлы ұстазым, Жаркенттегі бағбан Бағдат Айтмұқаева, ғажап ертегіші Adina Zhusipova, сан қырлы талант Мира Сембайқызы, Қызылордадағы дарынды ақын Ержеңіс Тастыбай Әбдінің Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атануы — олқылықтың орны толған, бүкіл қаламгер қуанған нағыз мерейлі сәт. Осы азаматтар одаққа өтуге әбден лайық деген кеңес ағзалары Арасанбай Жексенбекұлы , Қанат Қайым, Ділдәр Мамырбаева тілектестерім, тікелей кураторымыз Бейбіт Сарыбай ағам болып, төрағамыз
Мереке Әбдешұлына айтып жүріп, қабылдаттық Бұл — рухани әулет жеңісі Сонымен қатар, жас талап Жақсылық Мұратбек пен Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы су жаңа ҚЖО мүшелері атанды «жүрегі бар жалғыз үй» ұжымына, Ғазиза Құдайберген бастаған балалар әдебиетінің достарына Әлі талай сеңді бұзамыз! Шаруа — көп, уақыт — өлшеулі. (Құдайым өзі жар болсын!). Мақсат — әр балалар жазушысы жазған туынды креатив өнімге айналып, қаламгер имиджін қалыптастырсын! Ол бренд тұлға болсын! Енді балалар жазушысы болу — сәнге (модаға) айналады. Әлемде солай! Бізде де солай болсын.
Yeldos Toktarbayдың facebook— нан алынды.





