Біліктілік пен бірліктің маңызы
Қазір мектеп оқушылары мен ұстаздар үшін жазғы демалыс. Солай болғанымен, мұғалімдер үнемі ізденіс үстінде. Біруақ, әсіресе биылғы аяқталған оқу жылының ІV- тоқсанындағы қашықтан оқыту тәжірибелерін пысықтауда. Қашықтан оқыту кезінде атқарылған тәжірибе жұмыстарын саралай келе, қорытындысымен өзара бөлісудеміз.
Сол педагогтардың қатарында Алматы қаласы, №15 гимназия директоры ОСПАНБЕК Бұлбұл Распекқызының жетекшілігімен мұғалімдер оқушылар мен ата — аналардың сұрауы бойынша оқу материалын түсіндіруге арналған сабақтар құрастыруда. Өйткені, оқушылардың көпшілігі өз пән мұғалімдерінің дауысын естіп үйреніп қалған. Бейне-сабақтың қаралымынан кейін оқушылар мен ата-аналар өткізген сабақты көріп, мұғалімдеріне алғыстарын білдіруде. Цифрлы технология ғасырында да жеке қатынастардың алатын орны, әсіресе балалар үшін ерекше.
Айталық, тарих пәнінің мұғалімі – Құлынтай Дариға Шакирқызы, біздің көпшілігіміз сияқты бұл мұғалім де қашықтан оқыту форматын меңгерудің алғашқы баспалдағында, сондықтан оның алар белестері мен жетістіктері алда деп сенемін.
Алматы қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының тренері Калдарова Карлығаш Исақызы биылғы жылдың 21-сәуір күні «Қашықтан оқытудың ерекшеліктері: тапсырмалар, саралау, кері байланыс» тақырыбында гимназияның қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерімен вебинар өткізді.
Қашықтан оқыту барысындағы уақытылы өткізілген сапалы вебинар үшін Алматы қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығының» директоры Асубаев Берік Құттыбайұлына және Қарлығаш Исақызына алғыс білдіргім келеді.
2015 жылдан бастап біздің гимназия білім беру мазмұнын жаңарту жөнінен Алматы қаласы бойынша жалғыз және Республикадағы 30 пилоттық мектептердің бірі болып, педагогикалық шеберлік орталығымен тығыз байланыста білім берудің жаңа бағдарламалары негізінде шығармашылық байланыстамыз..
ПШО – мен бірлескен жұмыс және әдістемелік көмек қазіргі таңда өте маңызды әрі өзекті. Сондықтан, мұғалімдердің шығармашылық байланысы әрдайым тиянақты нәтиже беруде. Бірлескен тәжірибе жұмыстары мына төмендегідей сапалық деңгейді көрсетті.
– 5-11 сыныптардың оқу – әдістемелік материалдарының апробациясы;
– Республика мен қала мұғалімдеріне арналған тренинг, семинарлар;
– пилоттық жұмыстардың сәтті аяқталуы.
Алдағы уақыттағы өзара бірлескен білім мен тәрбиедегі үздік жұмыстарымыз жалғасын табады деп үміттенеміз.
Кез-келген жағдайды мүмкіндіктердің шыңдалуын іске асыру үшін пайдалануға болатындығын әлеуметтанушылар растап отыр. Карантин де бізге отбасымызбен, балалармен көп уақыт өткізіп, бірге болу мүмкіндігін берді. Айталық, 3 «Ж» сынып оқушысы – Максутова Софияның отбасындағы қашықтан орындалған музыкалық сенбілік кеш өткізді. Әкесі – Казбек Максұтұлы пен анасы – Зарина Тауфикқызының сүйемелдеуімен София Моцарттың шығармаларын орындап, қазақ, француз тілдерінде ән айтты. София – «Magic Voice», «Fantastic Talent» Республикалық, Халықаралық байқауларының жүлдегері әрі тұрақты мүшесі. «Жұлдызды таланттар» байқауының жүлдегері. Софияның ата-анасы кәсіби музыканттар: әкесі – композитор, аранжирлеуші, анасы – композитор, пианист, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы.
Ресей, Корея, Ұлыбритания елдерінің халықаралық байқауларының лауреаты. Олар өз балаларының қабілетін жан-жақты дамытып, үнемі қолдау көрсетеді. София флейта, фортепиано, гитара сияқты бірнеше музыкалық аспаптарда ойнайды, вокалға да қызығушылық танытады, музыкалық шоулар мен театрландырылған қойылымдарға қатысады. София, біз сені мақтан тұтамыз және болашақта сәттілік тілейміз. Алда жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыратыныңа сенімдіміз!